Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілді дамыту жетістіктері

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілді дамыту жетістіктері

Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі — оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.

Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды.

Қазіргі уақытта сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану аясы жыл өткен сайын артып келеді. Сонымен қатар мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу мәселесі де күн тәртібінен түскен жоқ. Бұл біздің бір күндік немесе бір кезеңдік іс-шара ғана емес, тәуелсіздігіміз тұғырлы болу жолындағы негізгі бағыттардың бірегейі болуы тиіс. Сонда ғана діттеген межеге бұрын келеріміз анық.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін әрқашан есте сақтауымыз керек.

Бұл күндері қазақ тілінде жер бетінде 15 миллионнан астам адам сөйлейді. Егер қазақ тілінің түркі тілдер тобына кіретінін, әлемдегі 30-ға жуық түркі тілдерінде 200 миллионға тарта адамның сөйлейтінін ескерсек, қазақ тілін ұғатын, түсінетін, оны ұлтаралық қатынас құралы ретінде пайдалана алатындар саны көбейе түспек.

Қазіргі уақытта сот жүйесінде барлық құжаттар, іс-қағаздар мемлекеттік тілде орындалады. Сот ісін жүргізу тілі  басымдық мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді.

Елбасымыз: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» - деп атап көрсеткен еді.

Тіл қарым-қатынас құралы болуымен бірге оны тұтынушы халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, дүниетанымдық ерекшелігін, ұлттық болмысын, рухани-мәдени байлығын, сан ғасырларға созылған даму тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, жеткізуші, жинақтаушы қызметін атқарады.

Осы қасиеттеріне сәйкес қазақ халқының ана тілі — қазақ тіліне мемлекеттік тіл ретінде басымдылық берілетінін негіздеген Ата заңымызға сәйкес, қазақ тілі еліміздің бүкіл аймағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болуы тиіс.

Алайда тіл туралы Заңда айдан анық айқындалғанымен, қазақ тілі мемлекеттік басқару тіліне айнала алмай келеді.

Сондықтан да патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе — мемлекеттік тіл мәселесі.

Мемлекттік тіл — бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан. Ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.

Осыған байланысты қоғамдық пікір мен ғалымдардың, зиялы қауым өкілдерінің туған тіл туралы тебіреніске толы толғауларында ұлт пен тілдің біртұтас, бір-бірімен тығыз байланысқан киелі асқақ ұғымдар екеніне баса мән беріледі.

Қашаннан да елдіктің қайнар көзі – белгілі бір халық екендігі белгілі. Тарихи тұрғыдан келгенде, қандай болмасын мемлекет әдетте ұлттық мемлекет ретінде пайда болады.

Оның мемлекеттік құрылтайшысы, әрі әлеуметтік базасы белгілі бір этникалық қауым болып табылады. Тарихи және жалпы азаматтық практикада, бұл солай. Ел болған жерде оның тілі-мемлекеттік тіл болуы керек. Біздің еліміз қазақ елі болғандықтан, мемлекеттік тіліміз де қазақ тілі. Бұл Ата заңымыздың 7-бабында «тайға таңба басқандай» етіп, мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп атап көрсетілген.

Сондықтан да мемлекет өз тілін сақтап, оның қолдану өрісін кеңейту үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек.

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өйткені тіл — біздің ана тіліміз — Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы да керек.

Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады. Қазақстан Республикасының тіл туралы саясатын жүзеге асыру мақсатында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда.

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген тұжырымдама үнемі айтылып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Бірақ  әлі шешілмей жатқан түйінді мәселелер де баршылық.

Судьяның жұмысы ерекше билік өкілеттіктерін жүзеге асырумен, мемлекет атынан билікті қолдану құқығымен және міндеттілігімен байланысты. Өзінің бағытын нақты ұстанған сот жүйесі жылдар керуенін артқа тастап, жүргізілген тегеурінді сот реформасының аясында биік асуларды бағындырды.

Сот жүйесінің негізгі мақсаты азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және  Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан мемлекеттік тілді өз тұғырына қондырып, қазақ тілінде сот ісін жүргізу мәселесіне де жаппай көшетін қажеттілік туындататын уақыт жақын деп танимыз.

         Тіліміздің тағдыры өз қолымызда, тіліміздің мәртебесін көтерейік!

Қыдырбек Әлқожаев 

Нұр-Сұлтан қаласының

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы                                     

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив