Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қараудың негізгі қағидаттары

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қараудың негізгі қағидаттары

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне қатысты мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында азаматтар мен билік органдарының арасындағы жария-құқықтық дауларды шешу барысына, теңсіздік ахуалын жою үшін дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік юстиция құрылымын енгізу қажеттігін атап өткен. Осыған орай, 2020 жылғы 29-маусымда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қабылданды. Аталған ӘРПК  2021 жылғы 1-шілдеден бастап қолданысқа енді. Жалпы, әкімшілік әділет ұғымы дегеніміз - сот органдары тарапынан атқарушы билік органдарының қызметін бақылау, әкімшілік органдар шешімдерінің заңдылығы туралы дауларды реттеу (жария мүдделерді қорғау), жекелеген азаматтар мен әлеуметтік топтардың құқықтарын қорғау (Әкімшілік озбырлықтан және лауазымды тұлғалардың салғырттығынан жекелеген азаматтардың немесе топтардың субъективті құқықтарын қорғау), Судьяның әкімшілік билік органдарының шешімдерін талдап, жарамсыз деп тану (күшін жою) немесе әкімшілік органның тиісті әрекеттеріне қатысты сот бұйрығын шығару мүмкіндігі.

        Әкімшілік рәсім­дік-процестік кодексте билік пен ха­лық арасындағы дауды қараудың не­гізгі қағидаттары көрсетілген. Кодекс екі бө­лік­тен тұрады: бірі – рәсімдік, екіншісі – сот ісін жүр­гізу. Рәсімдік бөлік мемле­кет­тік органдардың рәсімдерін, со­ның ішінде мемлекеттік органның өкілет­тік­тері мен әкім­шілік актінің қабыл­дануы мен шағымдалу тәртібін айқын­даса, сот ісін жүргізу бөлігінде талап қою түрлері, істерді қарау тәр­тібі, сот шешімі, сот бақылауы секілді іс жүргізу тәртібі бе­­кі­тілген.

         Сот әкімшілік істерді қарау және шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдардың, ҚР ӘРПК, басқа да нормативтік құқықтық актілердің, қолданылуға жататын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті. Соттарға адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға тыйым салынады.

         Әкімшілік орган, лауазымды адам және сот әкімшілік істі қарау кезінде объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, әкімшілік іске қатысушылардың әрқайсысына олардың әкімшілік істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге құқықтарын іске асыруына тең мүмкіндік пен жағдайды қамтамасыз етуге міндетті. Сот тиісті мәселелерді әділдік пен ақылға қонымдылық өлшем шарттарын негізге алып шешуге міндетті. Құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау. Әркім бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

Әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгіну құқығынан бас тартуға мәжбүрлеу заңсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді. Мөлшерлестік қағидаты әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік қалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік рәсімге қатысушы мен қоғам мүдделерінің әділ теңгерімін қамтамасыз етеді. Бұл ретте әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) мөлшерлес, яғни жарамды, қажетті және пропорциялы болуға тиіс. Жарамды- әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) мақсатқа қол жеткізу үшін қолайлы болуы тиіс; Қажетті — әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін барынша аз дәрежеде шектеді; Пропорциялы — әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектеу нәтижесінде алынған қоғамдық игілік осы шектеулер келтірген зияннан көп болуы.

       Әкімшілік сот ісін жүргізу жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар жаңа мамандандырылған әкімшілік соттарда қаралатын болады.

Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы

Гульмира Темиргалиева

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив