Гендерлік саясат

Гендерлік саясат

Қазіргі уақыттағы өзекті мәселелердің бірі ретінде – гендерлік саясат болып табылады. Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.

Гендерлік саясаттің негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Бұл саясатының алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласу қажет.

Бүгінде әйелдер саясатта, бизнесте, экономиканың барлық салаларында ер азаматтармен қатар еңбектеніп, қабілет дарынымен, іскерлігімен көзге түсіп қана қоймай, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуда.
Халықаралық аренада әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді.    Жалпы әйел заты қазақ қоғамы үшін қазақ мемлекеті үшін қашанда ардақты саналған.  Еліміздің де тең жартысы әйел қауымынан тұрады. Бүгінгі таңда әйелдер ошақ басындағы қазанның құлағында емес, денсаулық сақтау, ағартушылық жүйенің, мемлекеттік қызметтің, сондай-ақ, бизнестің де құлағын ұстағанына қарамастан   отбасының жарасымдылығына көп  үлес қосып отырғаны жасырын емес.

Елбасымыздың гендерлік саясатқа көңіл бөлуі жақсы көрсеткіштерге алып келетіні сөзсіз. Әйелдер өздерінің жеке басының әлеуеті  мен адами әлеуетін іске асыра отырып, әлеуметтік дамудың барлық процесстеріне тең дәрежеде қатысатын болады. Осының бәрі елдегі азаматтық қоғамның одан әрі жетілуіне ықпал ететін болады. 

 Мұғалжар аудандық сотының жетекші маманы З.М.Юнусова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив