Мемлекеттік тіл – тәуелсіздігіміздің тірегі

Мемлекеттік тіл – тәуелсіздігіміздің тірегі

«Тілін білмеген - тегін білмейді»-деген атам қазақ. Бүгінгідей ел болып еңсе көтерген тұста ана тіліміздің қадірі мен қасиетін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру маңызды мәселе болып тұр. Қазақ тілі – тәуелсіз жұртымыздың мемлекеттік тілі және ол барлық отандастарымыздың ортақ мақсатқа топтастыратын ұлттық бірліктің басты факторы болып табылады. 

       Тіл – тәуелсіздіктін айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз тәуелсіздік, егеменсіз – тіл болмақ емес. Тіл – тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп жарияланды.

Халықтың тәуелсіздігің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін емес. «Тіл туралы» заңның 4-бабында: «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және ісқағаздарын жүргізу тілі», - деп атап көрсетілген. Бүгінде «Талап арыз қай тілде түссе, сол тілде іс жүргізіледі» деген  сөз біздің соттардың ұранына айналып отыр. «Конституцияның 7-бабы 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп танылса да, осы баптың екінші тармағында мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылды»,-деп көрсетілген.

1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заң қабылданып, республика аумағындағы тілдердің қолдануының құқықтық негіздері, барлық тілдерге бірдей құрметпен қарау қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қазақ тіліміздің мәртебесі белгіленген болатын.

Қазақ  халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, «батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай» барлық жиған тіл байлығын бізге жеткізген. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, еліміз «Қазақ мемлекеті»-деп атайтын боламыз деген Елбасымыздын салихалы сөзі еске түседі. Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын бекітіп, қанатын қатайтты. Тілдің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру сізбен біздің қолымызда.

Сот саласына келетін болсақ, сотты мемлекеттік тілде жүргізу жылдан жылға артып келеді. «Көш жүре келе түзеледі» демекші, оның деңгейі қазіргіден де жоғары деңгейде болады деп үміттенемін.

Тіл туралы заңымыздың қағаз жүзінде қалмай, өмірінде нық қадам басып, ғұмыры ұзақ болу үшін күресейік те, намысты қолдан бермейік.

Бекзат Танбаева

Орал қаласының №2 сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив