Заң консультанттарының сот отырыстарына қатысуға жіберілуі

Заң консультанттарының сот отырыстарына қатысуға жіберілуі

Осы тақырыпта сотта судьялар мен сот отырысының хатшыларының, облыстық Әділет департаменті, заң консультанттар палатасының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараны ашқан Орал қаласының №2 сотының төрағасы А.Борамбаев Бұл заң консультанттарының сот отырыстарына қатысуға жіберілуін реттейтін заңнама талаптарының тиісінше орындалмауына байланысты соңғы уақытта азаматтардан заң консультанттарының заң көмегін тиісінше көрсетпеуіне қатысты шағымдардың саны артқан. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 58-бабы  1-тармағының 6-тармақшасына сәйкес заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдар сотта тапсырма бойынша өкіл бола алады.

Судья Бақытгүл Баймағамбетова өз баяндамасында заңнаманың көрсетілген нормаларын қолдану практикасы өздеріне заң консультанты мәртебесін заңсыз иемденген, іс жүзінде осы палаталарда есепте тұрмайтын немесе уәкілетті органның тізіліміне енгізілмеген палаталарда тұратын адамдарды сотқа қатысуға жіберу фактілерінің болуын көрсетеді. Бұдан басқа, жалған, мерзімі өткен құжаттар бойынша өкіл ретінде соттарға қатысу жағдайы орын алып отыр.

Атап өту керек, соттылығы алынбаған және өтелмеген, заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілтсіз деп танылған адам заң консультанты бола алмайды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша, қатысушылар аталған тақырыпты талқыллау өкілдік институтының маңыздылығына назар аударатынын, оның сапасы мен деңгейі елдегі сот төрелігінің сапасын да айқындайтынын атап өтті.

Орал қаласының №2 соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив