Сот акционерлік қоғамның жұмысшыларының өздерінің тиісті біліктіліктеріне, мамандықтарына сай  лауазымдарын жалғастыруға шектелген құқықтары қалпына келтірілді

Сот акционерлік қоғамның жұмысшыларының өздерінің тиісті біліктіліктеріне, мамандықтарына сай лауазымдарын жалғастыруға шектелген құқықтары қалпына келтірілді

Сотпен акционерлік қоғамның Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 38-бабына сай, талап қоюшыларды  басқа қызметке ауыстыру туралы бұйрықтың күші жойылды.

Талап қоюшылар акционерлік қоғамда жетекші және бас мамандар қызметтерін  атқарған.

Сотпен, талап қоюшыларға 42 500 тенге төленетін, техникалық қолдау басқармасына екінші дәрежелі оператор  қызметтерін ұсыну арқылы, жұмыс берушімен, олардың  атқарып отырған лауазымдары бойынша еңбек жағдайы емес, басқа құрылымдық бөлімшеде, функционалдық міндеттері өзгерген, еңбек ақысы біршама аз төленетін, төмен тұрған қызметтер ұсынылғаны анықталды.

Бұл тұрғыда, талап қоюшылардың атқарып отырған қызметтерін жалғастыруға заң талаптары бойынша  кәсіптік қабілеттерінің жоқ немесе төмен екендерін анықтамай, оларды төмен тұрған қызметке ауыстыру арқылы олардың жұмыс беруші тарапынан Еңбек кодексінің 22-бабында көрсетілген құқықтары қорғалмаған.

Есіл аудандық соты жұмыс берушінің  талап қоюшыларды басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрығының күшін жойып, оларды өз қызметтеріне қайта орналастырып, басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған кезде төмен ақы төленетін жұмысты орындаған уақыт үшін жалақысындағы айырмасы ретінде талап қоюшылардың пайдасына, әр қызметкердің еңбек ақысына сай жалпы көлемі 1 822 459 теңгені және әр талап қоюшылардың пайдасына 50 000 теңге көлемінде моралдық зиян шығынын өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив