СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС.

Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі - сыбайлас жемқорлықпен күресу болып отыр. Біздің мемлекетіміз, басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде.

         «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында  жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді.Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес.Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Жастардың бойында сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы мәдениет қалып­та­­суы үшін жастарымыз сыбайлас жем­қор­лықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тануы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әр адамда құқықтық сауаттылығына да байланысты төмен немесе жоғары болуы мүмкін. Мемлекеттегі заңнамаларды жақсы білу әр адамның өз іс-әрекетіне деген се­нім­ді­лігін күшейтеді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін, халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Дамыған елдерде сыбайлас жем­қорлыққа қарсы саясатты іске асыру ба­рысында сыбайлас жемқорлықты рухани жағынан қабылдамауға мән беріледі. Жас ұр­пақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүл­дем төзбеушілікке тәрбиелеуіміз ке­рек. Сыбайлас жемқорлықтың бар­­лық түрлерін жою үшін Қазақстан аза­­маттарының құқықтық санасын арт­ты­­ру жүргізілуде.

Өйткені, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы білімінің болмауына байланысты, азаматтар абайсыздан сыбайлас жемқорлықтың қатысушылары болып қа­лады.

Мемлекет пен қо­ғам тығыз қарым-қатынаста бол­ған­да сыбайлас жемқорлықты тө­теп бере аламыз. Сондай-ақ, страте­гия­да сыбайлас жемқорлыққа деген төз­беушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал адалдық пен сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналу керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда ұр­пақ­пен жұмыс істеу қажет. Адамды ба­ла кезінен қазақстандық патриоти­зм және сы­­байлас жемқорлықты қабылдамау ру­хында тәрбиелеп өсіру керек.

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» - атты Жолдауында, Қазақстанның мем­ле­кет­тілігін нығайту жолындағы стра­те­гия­лық маңызды мәселелерді айқындап, қо­ғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өз­гертуге, жаңғыртуға бағытталған бес не­гізгі басымдылықты белгілеп берді. Мұн­да бесінші басымдықтың бірі – сы­бай­лас жемқорлықпен күрес. Онда: «Сы­бай­лас жемқорлықтың себептері мен ал­ғышарттарын анықтап, оларды жою жұ­мысын күшейту қажет. Маңызды мә­селенің бірі – сатып алу саласын жетіл­ді­ру. Үкіметке мемлекеттік сатып алу жүйе­сін орталықтандырылған қызмет қа­ғидаты бойынша енгізуді тапсыра­мын. Квазимемлекеттік секторда, табиғи мо­но­полия және жер қойнауын пайда­ла­­ну салаларында да сатып алу ша­ра­ларын өткізу әдістерін түбегейлі қай­та қарастыру керек. Сыбайлас жем­қор­лық­пен күресте көп нәрсе бүкіл қо­ғам­ның белсене атсалысуына байланысты. Әлеу­меттік желінің, өзге де медиа-ресурс­тар­дың дамуы жағдайында, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі кү­рес­тің қуатты құралына айналуға тиіс» делінген. 

Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір- қасиетін құрметтеуге міндетті. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек.Ол үшін аталған дертке ат салысып, қарсы тұруымыз қажет.Сонда ғана ел мүддесі үшін зор  үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

 Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Тек қана осындай түсінік қоғамның алға басып, дамуына жол ашады.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот приставы Т.Кафезов.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

  1. аватар
    Sara 4 декабря 2023 11:54

    You actually make it seem so easy with your presentation but I find
    this topic to be really something which I think I would never understand.
    It seems too complex and very broad for me. I am looking forward for your
    next post, I'll try to get the hang of it!

    Feel free to surf to my blog post: comprar cymbalta
    en México

  2. аватар
    Laurel 8 февраля 2024 11:22

    It's a pity you don't have a donate button! I'd
    without a doubt donate to this excellent blog! I guess for now i'll
    settle for book-marking and adding your RSS feed to my
    Google account. I look forward to fresh updates and will share this blog with
    my Facebook group. Talk soon!

    Also visit my website kup teraz rabolen w Polsce bez recepty

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив