Сот қызметінде мемлекеттік тілдің қолданылуы

Сот қызметінде мемлекеттік тілдің қолданылуы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

Республикамыздың әр азаматының қасиетті парызының бірі – мемлекеттік тілді білу.

Сот саласында мемлекеттік тілдің, біздің ана тіліміздің қолданыс аясы жыл сайын жақсарып келеді. Судьялар мен сот мамандарының іс қағаздарын, қылмыстық істерді қазақ тілінде ресімдеп жүргізуі де жолға қойылған.

Сот қызметкері ретінде сот саласындағы тәжірибемде құжаттардың қазақ тілінде жүргізілуіне, ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуге үнемі көңіл бөлемін. Қазақ тілінің дамуы, болашағы – ол ұлт болып қалуымыздың бірден бір белгісі.

Сондықтан әріптестерімнің қазақ тіліне жауапкершілікпен қарауын үнемі қадағалауға тырысамын.

Заңдар мен заңнамалық құжаттардың, қызмет барысында қажетті нұсқаулықтардың мемлекеттік тілдегі нұсқаларын да басшылыққа аламын.

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құрылған күнінен бастап іс жүргізуді тек мемлекеттік – қазақ тілінде жүргізуді ұйымдастырып, өз жұмысын жалғастырып келеді.

Соның ішінде соттың ішкі құжаттары (өкімдер, жедел отырыс және семинар сабақтарының хаттамалары, соттың ішкі тәртіп ережелері, «Төрелік» ақпараттық  жүйесі бағдарламасына енгізілетін мәліметтер, шығыс құжаттары, т.б. кеңселік құжаттар) тек мемлекеттік тілде ресімделеді.

Бүгінгі таңда келіп түскен құжаттардың 61,4 пайызы - қазақ тілінде болса, ал шығыс құжаттардың мемлекеттік тілде жіберілуі 100 пайызды құрайды.

Құжаттар «Төрелік» ақпараттық жүйесіне толығымен қазақ тілінде енгізілуде, оның толтырылуы да қазақ тілінде.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген бағыт пен мақсатқа және оларды іске асыру тетіктеріне негізделген бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылып келеді:

- Іс-қағаздардың толық қазақ тілінде жүргізілуі;

- Тілдерді қолдану мен дамытудың қысқа мерзімдік іс-шаралар жоспары (міндетті түрде әр жартыжылдық сайын жасалады және оның орындалуы қадағаланады);

- Семинар сабақтарын мемлекеттік тілде жүргізу, сәйкесінше семинар сабақтарының хаттамалары қазақ тілінде жасалады;

- Айналымдағы барлық құжаттарды ресімдеу тек қазақ тілінде жүргізіліп жатыр және шығыс құжаттарының 100 пайыз қазақ тілінде кетуін қадағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында іс жүргізу қазақ тілінде, ал сот процестері (судопроизводство) азаматтардың арыз беру тіліне сәйкес жүргізіледі.

Оған қарамастан істер бойынша жасалған құжаттар қазақ тілінде, кейде орыс тіліндегі аудармасымен жіберіледі.

Сонымен қатар, сот ісі мен іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің құжаттар айналымы бойынша тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп, ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Соттар әкімшісіне жолданылып отырады.

Сот кеңсесінің, жалпы ішкі хат алмасулары мемлекеттік тілде жүргізіледі.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, барлығымыз да өз үлесімізді қосуымыз қажет.

Ғасырлар қойнауынан сынын бұзбай, қуатын кемітпей, әрі мен нәрін жоғалтпай, таза да көркем келбетімен жеткен ана тілімізді болашақ ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етуге тиіспіз.

Қазақ тілі – менің ана тілім, менің ата-бабамның тілі, осы ұлан-ғайыр жерді мекендеп жатқан он тоғыз миллион қазақстандықтың мемлекеттік тілі!

Қазіргі қоғамдағы қолданысы қуанарлықтай болмағанымен, ана тілін білетін, құрметтейтін жастардың көбеюі тіліміздің болашағы бар екеніне дәлел.

Қазақ тілінің мәртебесі жоғарылайтынына сенемін.

Ал сот саласында дамуына мен де өз үлесімді қосуға қашан да дайынмын.

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі                                                   

Қамажай Омирова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив