Жетімін жылатпаған ел болып қалайық...

Жетімін жылатпаған ел болып қалайық...

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ары қарай-ӘРПК) 9 бабы 1 тармағында көрсетілгендей әркім бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

Азамат Е. мемлекеттік мекемеге өзін жетімдер санатындағы тұрғын үй беруге мұқтаждар кезегін қалпына келтіруді және тізімінен шығарған бұйрығының күшін заңсыз деп тану және кезегіне сәйкес тұрғын үй беруін   мндеттеу туралы әкімшілік талап қойған.

Арызында отбасы құрамында  төрт бала көрсетіліп, 2010 жылдың қазан айынан коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебіне «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатымен кезекке қойылғандығын, алайда қазіргі уақытта жауапкер мекеме өзін кезектен заңсыз шығарды, ол жөнінде қандай да бір құжатпен таныстырмағандығын, көрсеткен.

Әкімшілік істі қарау барысында мүдделі тұлға ретінде тартылған жетім балалардың қамқоршысы – әжесі Б. 2010 жылы өтініш толтырған уақытта әр балаға жеке өтініш толтыру қажеттігі мекеме қызметкері тарапынан түсіндірлмегендігін, сондықтан бір өтініште 4 жетім бала көрсетілгендігін, алайда қазіргі уақытта немересі Е. баспана алу кезегінде жоқ болып шыққандығын, арызды қанағаттандыруды сұрады.

Жауапкер өкілі арызбен келіспей, талапкерді 2010 жылдың қазан айынан бастап тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюға заңды негіз жоқ, қанағаттандырудан толық бас тартуды сұрады.

Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71 бабы негізінде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды тұрғылықты жерi бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.

Жоғарыдағы Заңның 67 бабы 1 тармағы  1-1) тармақшасы негізінде   коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.

Заңның 73-бабы негізінде Заңда белгіленген тәртіппен тұрғынжайға мұқтаж деп танылған және есепке қойылған жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, толық емес отбасылар, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар тұрғынжай алғанға дейін есептен шығарып тастауға жатпайды.

Алайда әкімшілік істі қарау барысында Е. «жетім балалар, ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған балалар» санатымен кезегі бойынша баспана алу құқығы бұзылғандығы - талапкердің 2010 жылдан тұрған кезегі сақталмай, немесе қарындасына берілген пәтерге жанұя құрамына кірмей қалғандығы  анықталды.

ӘРПК-нің 7 бабы 1 тармағы негізінде әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімдерді өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асыруы тиіс.

Кодекстің 8 бабында көрсетілгендей егер заңда немесе дау тараптарының келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешетіні көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен ақылға қонымдылық өлшемшарттарын негізге алып шешуге міндетті.

Жоғарыдағы негізде сот жауапкерді шешім заңды күшіне енген күннен  бастап бір ай мерзім ішінде азамат Е. коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебіне «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатымен кезекке тіркелген күннен бастап - 2010 жылдың қазан айының 14 күнінен кезегін қалпына келтіруді міндеттеу туралы шешті.

Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы      

Сәуле Қабидолдина

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив