Сот материалдық залалдың өтемақысын өндіріп алды

Сот материалдық залалдың өтемақысын өндіріп алды

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық соты «Л» ЖШС-ның «Р» ЖШС-на және азамат Н-ға 200 000 теңгеден астам сомада материалдық залалды өтеу туралы талап арызын қарады.

Сот талқылауы барысында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан талапкерге тиесілі ғимаратқа зақым келгені анықталды.

Апатқа кінәлі ретінде жауапкер Н-ға тиесілі автокөлікті басқарған үшінші тұлға Ю. танылды, алайда автокөлікті басқару құқығы тиісті түрде ресімделмеген.

Жол-көлік оқиғасы кезінде Ю. жауапкер «Р» ЖШС-мен еңбек қатынастарында болмаған, сондықтан ол тиісті жауапкер болып табылмайды.

Азаматтық кодекстің 931-бабының 1-бөлігінің талаптарына сәйкес, қызметi айналасындағылар үшiн жоғары қауiптiлiкпен байланысты заңды тұлғалар мен азаматтар (көлiк ұйымдары, өнеркәсiп орындары, құрылыстар, көлiк құралдарының иелерi және т.б.), егер зиян дүлей күштердiң немесе жәбiрленушiнiң терiс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғары қауiптiлiк көздерi келтiрген зиянды өтеуге мiндеттi.

Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды - жауапкер Н. талапкердің пайдасына материалдық залал сомасы және өкілдің қызметтеріне ақы төлеу шығыстары өндіріп алынды.

«Р» ЖШС-ға қойылған талаптарды қанағаттандырудан сот бас тартты.

Нұр-Сұлтан қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен шешім оның заңдылығы мен негізділігіне байланысты өзгеріссіз қалдырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив