Жеке кәсіпкерлердің құқықтары тараптардың келісімі бойынша қалпына келтірілді

Жеке кәсіпкерлердің құқықтары тараптардың келісімі бойынша қалпына келтірілді

2021 жылғы 09 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік сотында Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына жеке кәсіпкерлердің талабы қаралды.

Талапкерлер автобус аялдамасын салу жөніндегі іс-әрекеттерді заңсыз деп тану және талап қоюшылардың объектілерінде құрылыс-жол жұмыстарын жүргізуді тоқтатуға және бұзылған асфальт жабынын қалпына келтіруге мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінді.

Татуласу рәсімдері барысында судья Сәуле Қабидолдина дауды келісіммен аяқтау мүмкіндігін түсіндірді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша судьяның көмегімен тараптар медиация туралы келісімге қол қойды.

Келісімнің шарттары бойынша Мемлекеттік орган:

талапкерлердің объектілеріндегі талапкерлердің келісімінсіз автобус аялдамасын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастаудың заңсыздығын мойындайды;

талапкерлер объектілерінің жанындағы тротуарда бұрын бөлшектелген асфальтбетон жабынын және ернеулі тасты қалпына келтіру бойынша жұмыстарды 10 жұмыс күні ішінде жүргізуге міндеттенеді;

өрт сөндіру автотехникасының өтуін қамтамасыз ету үшін кіру тобын бұғаттамауға, металл қоршаумен қоршамауға міндеттенеді;

талапкерлер объектілерінің жанында автобус аялдамасын (аялдама павильонын) көшіру (орналастыру) бойынша жұмыстар жүргізбеуге, жоғарыда көрсетілген объектілердің және талапкерлердің жер учаскелерінің кіру-шығу жолдарына тосқауыл қоймауға;

автокөлік жолын ағымдағы жөндеу, орташа және күрделі жөндеу, салу (реконструкциялау), құрылысын салу жөнінде шешімдер қабылдау кезінде сабақтас жер учаскелерінің меншік иелерімен (жер пайдаланушыларымен) келісім жүргізуге, талап қоюшылардың көрсетілген объектілеріне қойылатын өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын бұзбауға міндеттенеді.

Талапкерлердің нысандары елорданың жанданған ауданында, Уәлиханов пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орналасқан, сонымен қатар, ауданда ірі сауда нүктелері орналасқанын атап өту маңызды.

Осылайша, талапкерлердің талаптары ұзақ сот ісін жүргізбестен қанағаттандырылады, сонымен қоса, құқықтары қалпына келтіріледі.

Келісім жасасу- кез-келген жанжалды шешудің ең өркениетті тәсілі.

ӘРПК тараптарға мемлекеттік органдармен бейбіт жолмен дау айту құқығын береді.

Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС жария-құқықтық даулар бойынша және татуласу институтын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив