ҰЛТ  МӘРТЕБЕСІ  МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛМЕН АСҚАҚ

ҰЛТ МӘРТЕБЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛМЕН АСҚАҚ

Тіл тағдыры - тұтас ұлттың тағдыры. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», - деген еді. Бір ғасыр бұрын айтылған Алаш арыстарының бұл сөздері дәл бүгінгі заманның да тамыр бүлкілін дөп басып тұрғандай.

Елбасының Жарлығына сәйкес, барлық орталықтар, жергілікті атқарушы және жоғарғы билік құрылымдары, сот жүйелері ісқағаздарын кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшіре бастады. Сот жүйесінде де тіл саясатының үрдісі қарқынды даму үстінде. Қазақ тілінің қажеттілігін арттыру мақсатында елеулі қадамдар жасалуда.

Қазақстан Республикасының "Тіл туралы Заңында" «Сот төрелігі мемлекеттік тілде жүргізіледі, қажет болған жағдайда орыс тіліне және басқа тілге аударылады» деп жазылғанымен, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істердің қазақ тілінде қаралғаны көңіл қуантатын деңгейде емес екені бәрімізге белгілі.

Жүрегі елім деп соққан әрбір адамның өзінің халқына, ұлтына, тіліне деген ерекше сезімі болатыны сөзсіз. Елбасымыз айтқандай, «Әрбір қазақтың ана тілін білуі - парыз, білмегені - ұят».

Мемлекеттік тілдің мәртебесін жүзеге асырған  Сотқа халықтың сенімі, сот билігінің беделі артады. Мемлекеттік тілді үйренуге ниет білдірген азаматтарға  қажетті оқу-әдістемелік құралдар қамтамасыз етілген, қазақ тілін тегін оқыту курстары да жетіп артылады. Бұл орайда «Қазтест» атты мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесінің де пайдасы мол.  

Мемлекет қайраткері, көрнекті ақын, Сәкен Сейфуллин: «Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды» дегендей бүгінде құжаттардың мемлекеттік тілде жүргізілуі түбегейлі қалыптасқан.

 Оның сапасы да, мазмұны да басты назарда. Баспа беттеріне азаматтардың заң бойынша сот өндірісін жүргізу тілін таңдау өз еріктерінде екендігі жөнінде ұдайы жариялауда. Яғни, талап қоюшы, арызын өз ойын еркін жеткізе алатын ана тілінде беруге құқылы.  Сондықтан «қаным қазақ» деп жүрегі соғатын әрбір азамат талап арызын ана тілінде жазса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Қазіргі таңда әрбір мемлекеттік құрылым тарапынан халыққа қызмет көрсетуде, ең алдымен, мемлекеттік тілде жүзеге асыру міндет болып табылады. Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шығыс құжаттарының барлығы дерлік мемлекеттік тілде рәсімделеді. Сонымен қатар, сотта жүргізілетін іс-шаралар да мемлекеттік тілде өткізілуде. Осылайша еліміздегі мемлекеттік тілді дамытуға өз үлесімізді қосудамыз. Осы орайда бәсекеге қабілетті елдің қатарына ену үшін ,ең алдымен, тіліміздің тазалығына зор мән беруіміз  керек.

Ата-бабамыз «батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртында қалдырмай, шыбындыға алдырмай» мұраға қалдырған тіліміздің тамырын тереңге жайып, келер ұрпаққа аманат етуге тиіспіз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, мемлекеттік тілді дамыту барысында көздеген мақсаттың шыңына жету үшін бірлесіп жұмыс жасауымыз қажет.  

Сонда ғана
 «өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп бабамыз жырлағандай, Алаш қоғамын  кестелі  қазақ тілімен өрнектеп, ана тіліміздің қадір-қасиетін арттырып, мемлекеттік мәртебесін айқындап, айбынын асқақтатамыз.

Бахтиёр ЖОРАБАЕВ,

БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив