Алимент әке бола ала ма?

Алимент әке бола ала ма?

Қазір «Балаңызға алимент төлеңіз», «Әке, жауапкершіліктен қашпаңыз!» деген тақырыптағы билбордтарды көзіміз шалып жүр.  Осыған қарап қоғамда ата-ананың баласына алимент төлеуі жиі кездесетінін байқауға болады. 18-жасқа толғанға дейін бала қайда тұрса да, заң бойынша ата-анасы тәрбиелеп, бағып-қағуға, материалдық жағдайын жасауға міндетті. Түйіндеп айтқанда бұл – ерлі-зайыпты ажырасып кеткен жағдайда баланың өсіп өнуіне, оны материалдық жағынан қамтамасыз етуге төленетін қаражат.

Балаға төленетін алимент тек бір ғана жағдайда тоқтайды. Егер бұрынғы әкесі баладан бас тартып, ол баланы екінші әкесі асырап алған жағдайда асырап алу турлы соттың шешімі заңды күшіне енген кезде бірінші әкесі алимент төлеуден босатылады. Бірақ ата-ананың баладан бас тартуы алимент төлеу міндетінен босатпайды. Ата-ана арыз жазып, баласынан бас тартса да сот шешімі арқылы ата-аналық құқығынан айырылса да, алименттен құтылып кете алмайды.

Алимент төлеуге міндетті адамның жұмыссыздығы оны төлеуден босатпайды. Қандай жағдай болса да, балаға төленетін алимент мөлшері табысының белгілі бір бөлігі бала санына байланысты есептеледі. Қарыз ретінде де өндіруге болады. Ол үшін жеке сот орындаушымен бірге әрекет етіп, ол адамның атында мал мүлкі, үйі бар ма, соның бәрін тексеріп анықтауға болады.

Балаға төленетін алиментті кез келген уақытта төлеуді талап етуге болады. Қашан ажырасқаны маңызды емес.

Баланы қамқорлығына алған адам алимент өндіру үшін арыз беруге құқылы. Сот бұйрығы 3 күн ішінде дайын болады. Арызда бала саны, туған жылы жазылып, заңды некеге тұрғандағы және ажырасу туралы куәлік көшірмесі , жеке куәліктері тіркелуі керек.

А.Мендалиев, Жаңақала аудандық сотының бас маманы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив