Сот тасымалдаушының құқықтарын қорғады.

Сот тасымалдаушының құқықтарын қорғады.

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына "И" ЖШС "С" ЖШС-не тасымалдау шарты бойынша қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Тараптар арасында тасымалдау шарты жасалған, оған сәйкес, "И" ЖШС құм мен қиыршық тасты тасымалдау қызметтерін көрсетеді.

Жауапкер құрылыс материалдарын қабылдап, ақысын төлейді, алайда жүк тасмалдауы үшін ақы төлеуден бас тартып, бұл әрекетін  тауарлық-көліктік жүкқұжаттарының жоқтығымен түсіндірген, бірақ талапкер жүкқұжаттарды соңғысына бергенін айтады. Сот азаматтық іс материалдарын зерделеп талап арызды толық көлемде қанағаттандырды, көрсетілген тасымалдау қызметтері үшін төлем жауапкерден келесі негізде өндірілді:

- жауапкерге құм мен қиыршық тасты сатып алу-сату жағдайларын көрсетілген құрылыс материалдарын үшінші тұлғалар-жеткізушілер сатып алу-сату шарттарымен, жүкқұжаттарымен, төлем құжаттарымен растады;

- жеткізілген құм мен қиыршық тас көлемі есепке алынып, жауапкердің бухгалтерлік құжаттамасы мен салық есептілігінде көрсетілген. Бұл жағдай жауапкердің бас бухгалтерінің айғақтарынан анықталды;

- жауапкер құм мен қиыршық тасты басқа адам тасымалдағанын сотқа ұсынбады;

- құм мен қиыршық тасты жеткізушілер талапкерге оларды жауапкерге тасымалдау үшін құрылыс материалдарының жеткізілгенін растады.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив