Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қағидаттары

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қағидаттары

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді. Бұл құжатты қабылдауға түрткі болған ол - азаматтарымыз жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіз болады. Азаматтардың мүмкіндіктерін мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыруға болмайды. Осындай теңсіздіктерді болдырмау мақсатында жаңа кодекс қабылданды.

Басты қағидасы - Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс бойынша даулар мүлдем басқа қағидаттармен қаралады. Мұнда тараптар тең емес. Сот арыз иелеріне барынша көмектеседі. Мұнда әкімдіктің шешімі заңды ма, заңсыз ба енді мұны талап қоюшы дәлелдемейді. Шешімді қабылдаған әкімдік шешімнің заңдылығын, негізділігін дәлелдеуі тиіс. Судья әкімшілік істің нақты және (немесе) заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы. Сот құқықтық салдарды алдын ала түсіндіре отырып, тарапқа талап қою талаптарын тұжырымдауда және (немесе) өзгертуде жәрдем көрсетуге құқылы.

Сот процестің барлық сатыларында формальды қателерді жоюға, түсініксіз сөздерді нақтылауға, әкімшілік істің мәні бойынша өтінішхаттарды беруге, толық емес нақты деректерді толықтыруға, әкімшілік істің мән-жайларын толық айқындау мен объективті бағалау үшін маңызы бар барлық жазбаша түсініктемелерді беруге жәрдем көрсетуге міндетті.

Егер әкімшілік процеске қатысушылар ұсынған дәлелдемелер жеткіліксіз болып табылса, сот оларды өз бастамасы бойынша жинайды. Мұның тиімділігі өте жоғары, дауды созбалаңдыққа салмай жылдам қарап аяқтауға септігін тигізеді.

Бірімізге белгілі Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша істер қаралады. Биыл Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қабылданды. Екі заңнаманың айырмашылығы неде деп, халықтың арасында екі кодекстің аражігін ажыратамай жүргендер жоқ емес.

Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі-ӘҚБтК) Ерекше бөлiгінде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгiлерi бар іс-әрекет жасау әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi болып табылады.

Халыққа түсінікті болу үшін мысалы келтіріп өтсем, мысалы: көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар. ӘҚБтК-нің 610 бабы, көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы (көлік жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бұзып, екінші бір көлікпен қақтығыс жасап, көлігін бүлдіріп материалдық залал келтіруі), - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

ӘҚБтК-нің 73-бабы отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер, яғни құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – ескерту жасауға не бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады. Аталған жағдайлар ӘҚБтК-пен реттеледі.

Ал, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді. Мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары болып табылады.

Жаңа заңнама жоғарыда айтқандай билік мен бағыныстылықтың арасындағы теңсіздікті жояды, билік органдарымен дау-дамайда әлсіз тарапты қорғайды деп ойлаймын. Қорытындылай келгенде бұзылған құқықтарды тиімді қорғап халықтың сотқа деген сенімін қазіргі күндегіден де арттыратына сенемін. 

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Бақытбек Даутов

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив