Қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту нәтижесінде келтірілген моральдык зиян

Қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту нәтижесінде келтірілген моральдык зиян

 

         Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 09 шілдедегі "Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдану практикасы туралы" №7 Нормативтік қаулысының 1-тармағына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа негізсіз тарту, процестік мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолдану, негізсіз соттау фактілері заңдылықты өрескел бұзу болып табылады, соның салдарынан адамның және азаматтың заңды құқықтары мен мүдделері елеулі зардап шегеді, оларға және мемлекетке материалдық залал және моральдық зиян келтіріледі.

                Қылмыстық процесті жүргізетін органдар әрекеттерінің заңсыздығы сот үкімімен немесе Қаулысымен не анықтау, алдын ала тергеу органы, прокурор шығарған қаулымен белгіленеді.

         Әркімнің сот арқылы қорғалуға конституциялық құқығын негізге ала отырып, ақталған адамдар басқа органдарға алдын ала өтініш жасамай, зиянды өтеу және өз құқықтарын қалпына келтіру туралы талап қоюмен азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен тікелей сотқа жүгінуге құқылы. 

         Қылмыстық процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 38-бабының 1-бөлігіне сәйкес заңсыз ұстау, күзетпен ұстау, үйқамаққа алу, соттау нәтижесінде адамға келтірілген зиян қылмыстық процесті жүргізетін органның кінәсіне қарамастан, бюджет қаражатынан толық көлемде өтеледі.

         ҚПК-нің 41-бабының 2-бөлігіне сәйкес келтірілген моральдық зиян үшін ақшалай өтемақы туралы талап қоюлар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен беріледі.

                Азаматқа заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, қамауға алуды бұлтартпау шарасы ретінде заңсыз қолдану, үйқамақ, ешқайда кетпеу туралы қол қою салдарынан келтірілген зиянды анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдары лауазымды адамдарының кінәсіне қарамастан, заң актілерінде белгіленген тәртіппен толық көлемде мемлекет өтейді.

         Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 951-бабына сәйкес, егер зиян азаматқа заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды немесе ешқайда кетпеу туралы жазылуды заңсыз қолдану салдарынан келтірілген жағдайда, оның кінәсіне қарамастан, моральдық зиян өтеледі.

         Жоғарғы Соттың 2015 жылғы 27 қарашадағы №7 "Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы" нормативтік қаулысының 11-тармағынан азаматқа қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, қамауға алуды бұлтартпау шарасы ретінде заңсыз қолдану салдарынан келтірілген моральдық зиян мемлекеттік қазына (республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты) есебінен өтеледі.

         Мысал.

         Нұрсұлтан қаласының Есіл аудандық сотына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне қарсы моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен талапкер Қ. есімді азамат жүгінді.

         Іс материалдарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу органдары Қ. есімді азаматқа қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасын қолдана отырып қылмыстық іс қозғаған.

         Бұдан әрі тергеушінің қаулысымен қылмыстық қудалау Қ. есімді азаматтың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылып, заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартумен келтірілген зиянды өтеу құқығы танылды.

         Сот заңсыз қылмыстық қудалау, әрине, талапкерге теріс әсер етіп, оның жеке мүліктік емес игіліктерін бұзып, адамның бостандыққа деген табиғи құқықтарын бұзумен, айыптаулардың ауырлығына, психоэмоционалды шиеленіске байланысты моральдық азап келтіргенін ескерді.

         Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды.

         Сот талапкердің пайдасына республикалық бюджет қаражатынан 1 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянның ақшалай өтемақысын өндірді.

         Шешімнің орындалуы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелді.

         Сот шешімі заңды күшіне енді. 

Есіл аудандық сотының судьясы Арман Тулеубаев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив