Заңды тұлға таратылған жағдайда тиісті төлемдерді капиталдандыру

Заңды тұлға таратылған жағдайда тиісті төлемдерді капиталдандыру

          Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 945-бабының 2, 3-тармақтарында өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған заңды тұлға таратылған жағдайда, тиісті төлемдер заңнамалық немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген қағидалар бойынша оларды жәбірленушіге төлеу үшін капиталдандырылуға тиіс екендігі көзделген. Таратылатын заңды тұлғада мүліктің болмауына немесе жеткіліксіз болуына байланысты төлемдерді капиталдандыруды жүргізу мүмкін болмаған жағдайларда, тағайындалған сомаларды жәбірленушіге мемлекет заң актілерінде көзделген тәртіппен төлейді.

Азаматтық кодекстің 945 – бабының 2-тармағында көзделген "банкроттық салдарынан заңды тұлға таратылған кезде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы" Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 28 қазандағы №4 нормативтік қаулысының (бұдан әрі-нормативтік қаулы) ережелеріне сәйкес өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапты заңды тұлға таратылған жағдайда тиісті төлемдерді капиталдандыру міндетті болып табылады. Осыған байланысты конкурстық басқарушы кредиторлар талаптарының тізілімдерін қалыптастыру кезінде таратылатын заңды тұлға белгіленген тәртіппен келтірілген зиян үшін жауапты деп танылған және ол банкрот деп танылған кезде тиісті төлемдер жүргізген барлық тұлғаларға ай сайынғы төлемдерді капиталдандыруға міндетті.

"Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 102-бабына ("банкроттық туралы" Заңның 77-бабының ескі редакциясында) сәйкес өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін борышкер жауапты болатын азаматтар талаптарының сомасын айқындау азаматқа жетпіс жасқа толғанға дейін, бірақ кемінде он жыл бұрын төленуге жататын тиісті мерзімдік төлемдерді (борышкер банкрот деп танылған күнгі мөлшерде) капиталдандыру арқылы жүзеге асырылады. Егер азаматтың жасы жетпіс жылдан асқан жағдайда, тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру кезеңі он жылды құрайды.

Таратылатын заңды тұлғада мүліктің болмауы немесе жеткіліксіз болуына байланысты капиталдандырылған төлемдерді конкурстық басқарушы жүргізе алмайтын жағдайда азаматтар АК-нің 945-бабына сәйкес капиталдандырылған төлемдерді төлеу жөніндегі міндетті мемлекетке жүктеу туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.

Таратылатын заңды тұлғаның мүлкінің болмауы не жеткіліксіз болуы салдарынан капиталдандырылған төлемдерді төлеу жөніндегі міндетті мемлекетке жүктеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабында кепілдік берілген төлемдерді қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі болып табылады. Бұл ретте, осындай міндетті өзіне ала отырып, мемлекет барлық өзге міндеттемелер бойынша таратылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқоры болып табылмайды.

Капиталдандыру кезінде зиянды өтеу бойынша заңнамада белгіленген өзге де төлемдер (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрі-дәрмек сатып алуға, протездеуге, бөгде адамның күтіміне, санаторий-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға арналған шығыстар және басқалар) есепке алынбайды.

          Мәселен, Есіл аудандық сотына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне талап қойып, денсаулығына келтірілген зиянды өтеу есебінен капиталдандырылған төлемдерді өндіріп алу жөнінде У. есімді азамат, яғни талапкер жүгінді.

Іс материалдарынан анықталғаны, талапкер монтаждаушы-биік үйлер салушы болып жұмыс жасаған. Еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиға салдарынан жарақат алып, кәсіби еңбекке қабілеттілігінен айырылған.

Бұдан әрі жұмыс беруші ЖШС-і банкрот деп танылған, банкроттық басқарушының есебі бекітіліп, конкурстық өндіріс тоқтатылған. 

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды.

Сот талапкердің пайдасына денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу есебіне капиталдандырылған төлемдер сомасын республикалық бюджет қаражатынан өндіру туралы шешім шығарды.

Берілген сомаларды төлеу міндеті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының судьясы Арман Тулеубаев

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив