Сот хаттамалық шешімді жарамсыз деп тану туралы дауды қарады

Сот хаттамалық шешімді жарамсыз деп тану туралы дауды қарады

Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» аудандық соты Бизнес-Орталық үй-жайлары меншік иелерінің хаттамалық шешімін жарамсыз деп тану туралы ЖШС-ның талап қоюының талаптарын қанағаттандырудан бас тартты.

Талап қою тұрғын емес үй-жайлар иелерінің бастамашыл тобын құру хаттамасы және кондоминиум объектісін тіркеу жөніндегі шешім Тұрғын үй қатынастары туралы заңның талаптарына қайшы келетіндігімен негізделген. Жиналыс заңнамаға сәйкес тиісті түрде өткізілмеді және жалпы жиналысты өткізу рәсімі бұзылды деп саналған.

Сот талап қою талаптарын қанағаттандырудан бас тарта отырып, дауланған хаттамалық шешім Бизнес-орталықтың үй-жай иелерінің көпшілік дауысының еркі бойынша қабылданғанын және оны жарамсыз деп тануға негіз жоқ екенін атап өтті.

Сондай-ақ сот талапкердің тек рәсімдік кемшіліктер бойынша, көпшіліктің еркіне қайшы, өзінің азаматтық құқықтарын теріс пайдаланатынын, АК-нің 8-бабына сәйкес жосықсыз әрекет еткенін, талап қоюдан бас тарту үшін дербес негіз болып табылатынын атап өтті.

Нұр-Сұлтан қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

 Сауле Спандиярова

 Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» аудандық сотының судьясы 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив