Пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылды

Пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылды

Жаңақала аудандық соты  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған Н-ға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы пробация қызметінің қолдаухатын қарады.

Іс материалдары бойынша сотталған Н. Жаңақала аудандық пробация қызметіне есепке тұрған, жазасының жартысын өтеген. Сотталған жағымжы жағынан мінезделеді, алкогольдік ішімдікке әуестігі жоқ, жазаны өтеу кезінде қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасамаған, қайта қылмыс жасау фактілері орын алмаған. Жазасын өтеу кезінде сотталған сот жүктеген міндеттерді уақытылы орындап, тіркелуге келіп, бақылаудан жасырынбай, өзнің түзелу жолына түскенін дәлелдеген. 

Сот пробация қызметінің сотталған Н-ға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы қолдаухатын қанағаттандырды. Қаулы заңды күшіне енді.

Г.Әбдіғалиқызы, бас маман.  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив