Судья әдебі кодексінің талаптарын сақтау туралы семинар өтті

Судья әдебі кодексінің талаптарын сақтау туралы семинар өтті

Орал қаласының №2 сотында сот төрағасы Азамат Борамбаевтың төрағалығымен, судьялардың қатысуымен «Қазақстан Республикасының судьяларының жетінші съезінде қабылданған Судьялық әдеп кодексі талаптарын сақтау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. 

Тақырып бойынша өз баяндамасын оқыған сот судьясы Гүлмира Утепкалиева судьяға қойылатын негізгі талаптың бірі – судьялық әдеп нормаларын сақтау болып табылатытын атап өтті.

Кодекстің 1-бабына сәйкес, судья берген антына берік болуға, қоғамдық қызмет пен тұрмыстық жағдайда кез-келген әрекеттерді жүзеге асырған кезде, әдепсіз жүріс–тұрыстың көріністеріне жол бермей, судья лауазымының жоғары мәртебесіне лайық болып, әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтауға тиіс. Судья заң үстемдігін және сот органдарының тәуелсіздігі қағидаттарын қорғауға және жүзеге асыруға тиіс екендігі және судья сот билігінің беделін түсіруге әкеп соғуы және судьяның абыройына нұқсан келтіруі  мүмкін кез келген іс-әрекеттерден аулақ болуға тиіс екендігі айқындалған, деп көрсетілген.

Семинар сабағы қорытындысы бойынша сот төрағасы әрбір  судья – аталған кодекстің  талаптарын сақтауға міндетті екенін, мінсіз беделге ие және судья әдебінің жоғарғы стандарттарын ұстану керектігін ескертті.

Орал қаласының №2 соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив