Цифрлы сот жүйесі – рухани жаңғыру аясында

Цифрлы сот жүйесі – рухани жаңғыру аясында

 

Сот билігі – Ата Заңымызда бекітілген мемлекеттік биліктің негізін құрайтын үш биліктің бір тармағы. Сот билігінің абыройы – мемлекет абыройы, оның ар-ожданы. Бұл абырой, сот билігіне әр іс бойынша заңдылыққа бағына отырып, тек шындық үстемдік құратын әділ де заңды шешімдерімен ғана, қасықтап жиналатын қоғам сеніміне ие болғанда мүмкін болары хақ. Ал мұндай халық сенімі қандай да бір өлшемге сыймайтын, көрсеткіштермен есептелмейтін – би адал, шешім әділ болғанда ғана қол жеткізе алатын әділдіктің ауыр таразысы, шындықтың шыңы!

Елбасы ұсынған «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Рухани жаңғыру» бағдарламалары – қоғам мен мемлекеттік құрылымның барлық саласында, соның ішінде сот билігіне де ел мүддесіне сай биік белестерге жетуді міндеттеп отыр. Бұған қоса прогрессивті IT технологияға негізделген «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы – қоғамның қай саласына да серпінді күш, жаңа тыныс беретін бағыт.

Қазақстан – құқықтық жүйесін әлемнің озық стандарттарына сай келтіру үшін тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ өркениетті елдер тәжірибесін тыңғылықты зерделей отырып, бүкпесіз ашық сот жүйесін қалыптастыру мақсатында келелі шаралар қабылдап келе жатқан ел. Елбасы озық сот тәжірибесін қалыптастыру мен сот өндірісін жетілдірудің негізгі көзі инновациялық технологияны кеңінен пайдалану екенін, 2009 жылы судьялардың V съезінде атап айтқан болатын. Бүгінде ол іске асып, соттар қағазбастылықтан арылып, электронды технологияға негізделген, заман талабына сай, оңтайлы, қолжетімді, ашық сот процестері базасы жасалды.

Осы ретте соңғы уақытта Жоғарғы Сот жүргізіп жатқан сот жүйесін цифрландыру жұмысының қарқыны көңілге қуаныш ұялатады. Мемлекет басшысының қатысуымен маусым айында өткізілген шетел инвесторлары кездесуінде Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов цифрландыру жұмысы нәтижелеріне сүйене отырып, сот билігінің қазіргі бірқатар кемшін тұстары мен оның себептерін ашық көрсетіп, ол бойынша жүргізіліп жатқан шаралар жөнінде толық мағлұмат берді. Бұл туралы Н.Назарбаев өз сөзінде сот төрелігін іске асырудағы бұл жаңашыл оң өзгерістерді қолдай отырып, оның маңызды екенін атап өтті. Шынында да, жаңа төрағаның бұл ұтымды сөздері, сот билігін өзгертуге ұмтылған ашық ойлары және бүгінгі батыл аяқ алыстары – сот билігіндегі сеңді қозғағандай.

Ақмола гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі Н.Қайратқызы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив