Жаңа кодекстің тиімді өзгерістері

Жаңа кодекстің тиімді өзгерістері

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қабылданғаны, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілгені баршаңызға мәлім. Кодекстің мақсаты – азаматтардың басқарушылық шешімдер қабылдауға белсенді қатысуына, жоғары тұрған органдар мен сотта билік органдарымен арадағы дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Аталмыш әкімшілік-рәсімдік кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейтінін, сондай-ақ негізгі міндеттері – жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру, жария құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды нығайту болып табылады.

Заңда көрсетілгендей, сот алдағы уақытта әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп қалмайды. Атап айтқанда әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеуге құқылы. Бұл заң аясында судьяға жаңа өкілеттіктер мен құқықтар беріліп отыр. Яғни, судья әкімшілік істің нақты және заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы, бұрынғы кодекс бойынша судьяға ондай құқық берілмеген болатын. Тағы бір жаңашылдық, сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинай алады. Сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді жүзеге асырады. Кодексте татуластыру рәсімдері кеңінен қолданылады. Егер тараптар татуласу, медиация не партисипативтік рәсім бойынша келісім не оның шарттары заңға қайшы келген жағдайда, сот оны бекітпей тастайды. Сондай-ақ адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын келісімдерге де жол берілмейді.

Заң тараптардың өзара келісімге келуін, бір-бірімен татуласуын басты шарт ретінде қарастырады. Бұл мысалдар жаңа Заңның гуманитарлық бағытын, заңнаманы одар әрі ізгілендіру ісінің нәтижелі жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

Н.Жакупова, Жаңақала аудандық сотының жетекші маманы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив