Тілдің тағдыры, қазақтың тағдыры

Тілдің тағдыры, қазақтың тағдыры

Қазақ тілінің тағдыры – бұл ғасырлар бойы қалыптасқан, біздің ата- бабаларымыздың ана тілі.

Қазақ тілі – бұл біздің ата-бабаларымыздың қалдырған мұрасы. Біздің мақсатымыз – осы құнды мұраны сақтап қалу. Мен қазақ тілінің бүгінгі жағдайы әлі де жақсартуды, дамуды талап етеді деп ойлаймын. Тіліміз өте бай, әдемі және көркем.

Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр.

Адамзат тарихында тіл жай қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – саяси, экономикалық өктемдіктің де басты құралы болып келді.  

Қазіргі кезде жүріп жатқан әлемдік жаһандану процесіне Қазақстанның тереңдеп бойлай түсуі қазақ тілінің толыққанды мемлекеттік тілге айналу мүмкіндігін азайтады. Өйткені бұл оның маңыздылығын төмендетеді. Егер осы мәселеге тиісінше назар аударылмаса, тіліміздің мүлдем жойылып кету қатері бар.   

Мемлекет басшысының тапсырмасымен туған тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында, еліміздегі барлық мемлекеттік мекемелердегі құжат айналымы қазақ тілінде жүргізу қолға алынды.

Тілді үйрену, білу, зерттеу, құрметтеу, ана тіліндегі көркем әдебиетпен әуестену балалық шағынан қалыптасу керек. Тілдің тағдыры, қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Сол себепті мемлекет қазақ тілді балабақшаларды, мектептерді көбірек ашуы керек. Ал ата-аналардың міндеті – балаларымен жас кезінен бастап қазақша сөйлесіп, балаларды қазақ балабақшалары мен мектептеріне беру.

Қазақстанда тұрып жатыр әр қазақ баласы өз ана тілін игеруге міндетті, өйткені ол қазақ жерінің топырағынан жаратылған болып есептеледі.

Қорыта айтсақ, тіліміздің болашағы еліміздің әр азаматының, әр отбасының қолында. Егер біз тілімізді құрметтеп, оның дамуы, зерттелуі, қолданылуы мәселесіне тиісті деңгейде назар аударсақ, еліміз экономикалық жағынан да, рухани жағынан да, мәдени жағынан да дұрыс бағытта дами береді.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы «Мемлекеттік тіл-менің тілім» дейтін деңгейге жеткізу үшін бір үйдің баласындай атсалысайық.

Батыс Қазақстан облысы

Бөкей ордасы аудандық соты кеңсе меңгерушісі  Зияш Зайнуллина

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив