Елдегі індет сыбайлас жемқорлықпен күрес!

Елдегі індет сыбайлас жемқорлықпен күрес!

Сыбайлас жемқорлық бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілгендердің лауазымдық қызметін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы.

         Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетеді, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейді, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді. Оны жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

        Сыбайлас жемқорлық құбылысы соңғы кезде көптеген өзгеріске ұшырап және ол бүгін күрделі көп жақты құбылыс ретінде көрінуде. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықты тек қана парақорлыққа ғана әкеліп теңеуге болмайды. Бұл құбылысты сондай-ақ лауазым иесінің және лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің өз қызмет өкілеттігін пайдакүнемдік, немесе басқа да жеке мүддесіне пайдаланып, азаматтардың, немесе ұжымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның, немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеліп соғатын әрекеттер деп анықтауға болады. 

            Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ұшықпауы үшін оны тоқтатудың халықаралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа қарсы тұра аламыз. Демек елдегі сыбайлас жемқорлықпен күрессек, қоғамның өркенденуіне үлес қосқанымыз деп білеміз. 

Орал қаласының мамандандырылған

тергеу сотының бас маманы

Гульмира Темиргалиева

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив