Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы

Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы

      Біздің заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды , әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.

     Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 73 бабы бойынша жауапкершіліккек тартылуы мүмкін. Ал олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109 (ұрып-соғу), 110 (қинау), 131 (қорлау) баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 73 бабына сәйкес, отбасы тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер жатады. Осы баптың бірінші бөлігі бойынша жаза түрі ескерту немесе бес тәулікке дейін қамаққа алу жатады. Егер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаса, он тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалады. Тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау Әкімшілік кодекстің 73-2 бабының 1 бөлігіне сәйкес он айлық есептік көрсеткіш немесе он тәулікке дейін қамаққа алуға алып келеді.

     Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырсаңыз, 1-02 телефонына қоңырау шалып, полиция бөліміне арызбен жүгінуіңіз қажет. Зорлықта әрқашан жәбір көрсетуші кінәлі. Сондықтан үнемі алдымен жәбірленушіні тыңдау керек.

     Жыл басынан бері Жаңақала аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша 50 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралған.

Бұл істер бойынша сот отырысына дейін тараптармен алдын ала медиатордың және психолог-маманның қатысуымен әңгімелесу өткізіліп, кездесу барысында мұндай әрекеттерге жол бермеу, алдағы уақытта қайталануына жол бермеу туралы түсіндірілді.

Әкімшілік істерді қарау нәтижесі бойынша 9 іс бойынша іс жүргізу тараптардың татуласуына байланысты Әкімшілік кодекстің 64-бабының 1-бөлігінің негізінде тоқтатылып, 73 бабы 1,2 тармақ бойынша - 12 адам  қамаққа алынды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2-бабының 1,2-бөліктері бойынша, яғни ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру құқық бұзушылықтары бойынша осы жылы 26 әкімшілік іс қаралған, 19 іс бойынша   64 бабымен татуласқан, 6 іс бойынша әкімшілік  қамаққа алынды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесінде ең маңыздысы құқық бұзушыны жазалау емес, отбасын қолдау және сақтау. Жазалау шараларынан гөрі алдын алу шараларын қарастыру, өмірлік қиын жағдайда жүрген әрбір азаматпен жеке жұмыс жүргізген жөн сияқты. Сондықтан тиісті мемлекеттік органдар, әкімдіктер жанындағы комиссиялар, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы осы орайда үлкен роль атқарады деп ойлаймын. 

А.Искакова, Жаңақала аудандық сотының кеңсе меңгерушісі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив