Әкелікті анықтау және алимент өндіру

Әкелікті анықтау және алимент өндіру

Әке болуды анықтау - баланың анасымен некеге тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) адамның балаға қатысты әке болуын тіркеуші органның анықтауы не сот тәртібімен анықтау.

Алименттер – бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат. 

       Бүгінде ойнап жүріп от басып балалы болып қалып, не болмаса азаматтық некеде тұрып баланың әкесінен алимент өндіре алмай жүргендер жетерлік. «Баланың әкесі емеспін» деп бас тартатындар баршылық. Мұндай жағдайда мәселе шиеленісіп, сотқа дейін баратын жағдайлар жиілеп кеткені рас.

       Әкелікті анықтау ерікті түрде, кейде сот органдарының араласумен жүзеге асып жатады. Бұл туралы «Неке және отбасы» туралы заңында егжей- тегжейлі жазылған. ҚР «Неке және отбасы» заңының 47 бабы бойынша некеге тұрмағандардың арасында дау туындаған жағдайда анасының арызы бойынша сотта қаралады. Азаматтық процессуалдық кодекстің 91 бабының 8 тармағы бойынша екі жақтың бірі тексеруден жалтарса, тексеруге қажетті материалдарды өткізуден бас тартса, осыған байланысты қиындықтар туындатса онда сот кімнің кінәлі екеніне қарамастан әкелікті тануға шешім шығара алады. Соттың экспертиза тағайындауын орындамағандар сотты құрметтемегені үшін айыппұл төлеуі мүмкін. Тексеруден өту үшін үштіктің құрамы толық болуы керек. Яғни әкесі, анасы, баласы үшеуі бірдей зертханаға анализ тапсырады. Сотта әкелікті анықтау мен алимент бір-бірімен тығыз байланысты. Жоғарыда айтылғандай, ата-аналардың барлығы бірдей балаларының алдында материалдық міндеттемелерді қабылдауға дайын емес. Бұл ананы немесе басқа мүдделі адамды сотқа жүгінуге мәжбүр етеді. 

        Ерлі-зайыптылардың арасында бала болса, міндетті түрде сот арқылы ажырасады. Сол кезде міндетті түрде шешілетін сұрақ – алимент мәселесі. Алимент сот шешімімен немесе тараптардың келісімімен төленеді. Алимент төлеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және міндетті түрде нотариуста куәландырылады.  Егер келісімге келу мүмкін болмаса немесе тараптардың бірі алименттерді төлеуден бас тартса, онда сотқа өтініш беріп, алименттерді мәжбүрлі төлеткізуге болады. Ол үшін жауапкер – ері немесе зайыбының тіркелу орны бойынша сотқа талап арызбен жүгіну қажет.

       Егер ерлі-зайыпты заңды некеде тіркелмеген болса, баланың нағыз әкесін сот сараптамасы арқылы анықтау үшін олар арызбен бірге алимент өндіру туралы арызды да бірге сотқа жіберуі керек. Алимент төлеуге міндеттелген ата-ананың бірінің отбасылық, материалдық жағдайы өзгерсе немесе екінші рет үйленіп, балалы болса, денсаулық жағдайына байланысты қаржы қажет болса, алимент көлемін азайту туралы сотқа арыз жаза алады. Осындай жағдайда тек алимент мөлшерін азайтуға болады, мүлдем тоқтату мүмкін емес. Алимент төлеуге міндетті адамның жұмыссыздығы оны төлеуден босатпайды. Қандай жағдай болса да, балаға төленетін алимент мөлшері жоғарыдағыдай есептеледі, яғни табысының белгілі бөлігі бала санына байланысты есептеледі. Ал ресми жұмысы жоқ адамның табысы тұрғылықты аймақтағы орташа жалақымен есептеледі. Алиментті қарыз ретінде өндіруге де болады. Ол үшін жеке сот орындаушымен бірге әрекет етіп, ол адамның атында мал-мүлкі, үйі бар ма, соның бәрін тексеріп, анықтауға болады.

       “Неке және отбасы туралы” кодексте алимент төлеуге міндетті адамның берешегін оның ата-анасының табыс көзінен ұстау қарастырылған. Берешек азаматтың бірге туған, кәмелетке толған, еңбекке жарамды аға немесе әпкесінің, ата-анасының жағдайы, табысы болса, кәмелетке толмаған балаға берілетін алиментті солардан өндіруге болады.

       Азамат міндетін орындамай жүрсе, ата-ана құқығынан айырылады. Бірақ бұл құқықтан айырылу алименттен босатпайды. Төлемей жүре бергендерді қылмыстық жауапкершілікке тартып, бас бостандығынан айыру да қарастырылған. Баланы қамқорлығына алған адам алимент өндіру үшін арыз беруге құқылы. Сот бұйрығы үш күн ішінде шығады. Арызда бала саны, туған жылы жазылып, заңды некеге тұрғандағы және ажырасу туралы куәлік көшірмесі, балалардың туу туралы куәлігі мен жеке куәлік тіркелуі керек. Заңды некеде болмаса, баланың әкесі немесе анасы екенін анықтау туралы арыз бен алимент төлеу туралы арызды жазу қажет. Арыз беруші сотқа мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

С.Танатарова, Жаңақала аудандық сотының бас маманы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 4

2 пікір

  1. аватар
    Justin 6 октября 2023 22:52

    Good post. I learn something new and challenging on blogs I stumbleupon every day.

    It's always useful to read content from
    other writers and practice something from their sites.


    Take a look at my web-site - Latonya

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив