Отбасылық дауларда медиацияның маңызы

Отбасылық дауларда медиацияның маңызы

Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі. Мұндағы негізгі мақсат – дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету болып табылады. Бұл тақырып бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде үнемі көтеріліп жүр.

«Медиация туралы» заң қазақ халқының бүкіл әлемге үлгі етерлік, ұмытыла бастаған жақсы салт-дәстүрін қалпына келтіруге жасалған игі қадам десек те болады. Сондай-ақ дауды мәселені оңтайлы шешудегі баламалы тәжірибе ретінде медиация тәсілін қолдану сот ісіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болмақ.

Жеке немесе заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша істерде медиация тәртібі қолданылып келеді.

Отбасы мүшелерінің арасындағы даулар азаматтық істердің басым бөлігін құрайды, атасақ, некені бұзуға, бірлесіп жинаған ортақ мүлікті бөлуге, алимент өндіріп алу туралы, баланың тәрбиесіне және онымен араласуға кедергі келтірмеуге байланысты және балалардың тұрғылықты жерін, баламен кездесу уақытын анықтауға қатысты даулармен байланысты азаматтық істер.  Некені бұзу туралы азаматтық істі қараған кезде судьяның алдында тұрған міндет ерлі-зайыптыларды ажырату емес, керісінше татуластыруға, бір сөзбен айтқанда заңды некені сақтап қалуға негізделеді. Ажырасамыз деп келген тараптарға судьямен дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешудің тиімділігі, отбасылық құндылықтардың маңыздылығы жайы түсіндіріледі. Осындай шаралардың нәтижесінде бүгінде сот залынан тараптардың келісімге келіп, дауларын бітімгершілікпен шешіп шығатын жағдайларын жиі байқауға болады. Қаншама ажырасуға ниеттенген отбасылар осы татуластыру рәсімдерінің арқасында шаңырағын шайқалтпай сақтап қалуда. Жасыратыны жоқ, соңғы уақытта ажырасу жәйттері жиілеп барады. Бұған себеп көбінесе екі жастың бір-біріне деген сенімсіздігі, қызғаныш, тұрмыстық жағдайлар, әлеуметтік желілердің де әсері бар. Қалай десек те бір отбасының ойраны шығып, баланың тірі жетім қалғаны кім-кімге де оңай емес. Сондықтан  ағайын, туыс пен ақсақалдар жас отбасыларға бағыт бағдар беріп, ақыл-кеңесін айтып отырса, мұндай жағдайлар азаяр еді. Азаматтарға айтарымыз, отбасында ұрыс-керіс орын алса, ең бірінші, ақылға жеңдіріп, сабырға келіп, ажырасуға ұмтылмау керек.

Бүгінде Жаңақала аудандық сотына ажырасуға ниет білдірген 6 отбасы медиация тәртібімен келісімге келді. Отбасында ауызбіршілік болса, кез-келген қиындықты жеңуге болатыны ақиқат. Өз ұясын қорғап, сақтай білетін адам мемлекеттің берік болуына атсалысады деп ойлаймын.

И.Иргебаев, Жаңақала аудандық сотының судьясы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив