Ерлі-зайыптылардың ажырасуы жөнінде мақала:

Ерлі-зайыптылардың ажырасуы жөнінде мақала:

       Елімізде кеше ғана шаңырақ көтерген бір–бірінсіз өмір сүре алмайтындай болып көрінген  ерлі –зайыпты аталған  жастарымыз, ертен –ақ ойланбастан сотқа арыз беріп ажырасып жатса танғалмайтын болдық. Көптеген шаңырақ көтерген жастар болсын немесе орта жастағы ерлі –зайыптылар болсын, соның ішінде көңілінді мұнайтатын жағдай -  немере сүйіп отырған шағында ажырасып отбастарының ойран болып шаңырақтарының шайқалғаның көргенде жүрегін елжірейді. Бұл жағдайға екі тараптыда кінәлауға болмайды. Көбінесе ажырасу ерлі-зайыптылардың арасындағы түрлі оқиғалардың салдарынан болатыны анық. Оған көбінесе тұрмыстық жағдайлар себеп болады.  Кей жағдайды алып қарасақ екі адамның мінез құлықтарының келмеуі, және  күйеуінен  үнемі зорлық - зомбылық тартқан айел оған шыдамастан  ажырасуға арыз тастауына акеп соғады. Ондай мысалдар келтіре берсек, оның әр –түрін ашатын болсақ жағдай өте көп. Сондықтанда қоғамда қазір отбасының шайқалуы өте бір адамды мазалайтын жәйт деуге болады. Ата-аналарынның кесірінен мыңдаған қара көз бүлдіршіндеріміз ата- ананың мейрімінсіз өсуде. Ата –ананың ажырасуы баланың  психологиясына әсерін  тигізетін жайлары өте көп, сондықтанда  толыққанды отбасында өспеген баланың өмірге деген реніші де болары анық. Ажырасуға бел бұрмай тұрып, ерлі-зайыптылардың бала алдындағы жауапкершілігі үшін, ажырасу дұрыс еместігін сезінуі қажет. Өйткені ажырасу ешқандай ата- ана болсын балаға болсын жақсылық акелмейтіні анық. Неге жаны нәзік аналар   ғана баланың жауапкершілігін сезінуі қажет? Отбасы деген ұғымның өзін алып қарайтын болсақ; Отбасында екі адамға да жауапкершілік берілген.  Қанша жандар ажырасып кетіп көп балалы аналарға әкелерінің алимент төлемей қашып жүргендері қаншама. Сонда баланың кінәсі не? Неге ол өз қатарынан кем болып өсуі қажет. Сондықтан қоғамда ажырасудың ешкімге жақсылық акелмейтінін білгеніміз жөн. Елімізде ажырасудың алдын –алу үшін, сотқа келіп түскен арыздарды қараудың маңызы өте зор. Соттар үшін  ерлі зайыптылардың арызын қарау әрине оңай шаруа емес, кей жағдайда  ерлі зайыптылардың біразы ашуға беріліп өздерінің тез шешім қабылдап арыз жазғандарына  өкінген жандар болса, кейбіреулері тіпті ажырасуға өте бір дайын боп келеді. Көбінесе сот ерлі –зайыптыларды бір шаңырақтын астында қалып өмір  сүргендерін қалайды,  өйткені ерлі зайыптылардың біреуі  ажырасуды мүлдем қаламайтыны байқалып тұрады. Сондай жағдайларды сот ескеріп оларға әлі де болсын ойлануға татуласуына уақыт береді. Бұндай жағдайда сот үшін бірден ерлі зайыптыларды ажырастыру оңайға соқпайды. Әлде біреуі істеген әрекеттеріне өкініп арыздарын қайтарып алғысы келетіндер қаншама. Сот жағынан сол бір жағдайлардың бәрін қарастырып шешімді дұрыс қарау әр тараптын жағдайына кіріп оларды тындау, заң жүзінде дұрыс шешім қабылдау үлкен бір жауапкершілікті сезіндіреді.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының есеп бойынша технигі И. Ержанова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив