Гендерлік теңдік

Гендерлік теңдік

 

Гендерлік теңдік-бұл біздің заманымыздың маңызды міндеттерінің бірі.  Гендерлік теңдік, адамның маңызды құқықтарының бірі, тұрақты даму негізінде адам әлеуетін толық іске асыруда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету ісінде басты рөл атқарады. Әйелдерді қоғам өміріне тарту өнімділіктің өсуін және экономикалық өсуді қамтамасыз ететіні дәлелденген. Өкінішке орай, адамзат ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері тұрғысынан толық теңдігіне қол жеткізу үшін ұзақ жолдан өту керек.

Қазақстан Республикасының Ата заңының 14-бабы 2-тармағында: «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» делінген.            

Гендерлік теңсіздік проблемасы көптеген елдердің, діндердің, ұлт пен мәдениеттің көпшілігінде тараған. Сондықтан мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі ана мен баланы қорғау, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері болып табылады.      

Қарапайым сөзбен гендерлік теңдік - бұл барлық әйелдер мен ерлер, қыздар мен ұлдар құқықтарының теңдігі.       

Ерлер мен әйелдердің теңдігін қамтамасыз ету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:       

- гендерлік саясат саласындағы заңнаманы жетілдіру және оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;                

- материалдық активтерге (жер, мүлік, кәсіпорындар) ие әйелдердің үлесін арттыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

- еңбек нарығына, қаржы және басқа ресурстарға тең қол жеткізу арқылы әйелдердің экономикаға қатысуын кеңейту;   

- әйелдер кәсіпкерлігін дамыту тетіктері арқылы ауылдық жерлердегі әйелдерге қолдау көрсету; 

- гендерлік саясатты іске асыру бойынша орталық және жергілікті билік органдарының іс-қимылдарын тиімді жоспарлау және үйлестіру үшін жағдайлар жасау;       

- ерлер мен әйелдердің орташа еңбекақысындағы гендерлік алшақтықты қысқартуға ықпал ететін жағдайларды қамтамасыз ету;  

- бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әйелдердің қатысуын кеңейту. 

Көптеген мемлекеттерде әйелдер құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу міндеті тұр.        

Халықаралық әйелдер күнін өткізу идеясы алғаш рет ХХ ғасырдың басында пайда болды, өнеркәсіптік дамыған әлем экспансия мен күйзеліс, демографиялық бум және радикалды идеологиялардың пайда болу кезеңін бастан кешірді. Гендер туғаннан бастап беріледі.

Гендерлік теңдіктің нақты себептері мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Ақмола гарнизоны әскери сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Ұ.Нұрахманова.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив