Мемлекеттік қызметші - абыройлы лауазым

Мемлекеттік қызметші - абыройлы лауазым

Дана халқымыз «Білегіңе сенбе, біліміңе сен»- деп бекер айтпапты. Мемлекетке, елге адал қызмет ету қай сала мамандарына болсада міндет, парыз. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде  иман жоқ» дегендей, мемлекеттік қызмет  әділдікті, туралықты, көптің тілін таба білетін мейірбандықты да талап етеді.

            Сот саласында  кызметкерлерден қарапайым халық сыпайылықты, ізеттілікті, кішіпейілділікті талап етеді. Мемлекеттік қызметші осындай  түрлі тағдыр иелеріне қамқоршы, жөн сілтер ақылшы, заң шеңберінде қызмет етуші болуды жөн деп есептейді. Әдеп, ар-намыс кодекстерін негізге ала отырып, білмегенге білгенін айту, тура жолды нұсқау, кішіпейіл  болу  мемлекеттік қызметкер абройын арттырмаса еш кемітпейді.

        Сот   саласы   мамандарына еңбек тәртібін қатаң сақтап, қызметтік міндеттерін атқару барысында мемлекеттік биліктің беделін нығайту үшін аянбай еңбек етуді талап етеді.

Қазіргідей күрделі кезеңде сот саласының мемелкеттік қызметкерлері IT технологиялардың көмегімен қашықтан жұмыс істеп, сот жүйесі өз жұмысын еш қиындықсыз жалғастырып келеді. Бұл еліміздегі сот жетістігі деп атауға болады.

         Әкімшілік құқықтың құрамдас бөлігі мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің айнасы. Әрбір мемлекеттік қызметшілер өздерінің  сырт келбетіне, іскерлік әдептілік пен мінез-құлық қағидаларына  қатты мән беруге тиіс. Мемлекеттік қызметші күнделікті жұмысына қарапайымдылық, әділдік, адалдық сияқты  прициптерді ұстану керектігі басты орында тұрады. Мемлекеттік қызметкерге дөрекі сөз, әдепсіз қылық, сауатсыз кеңес көрсету - сын.

       Мемлкеттік қызметші Әдеп кодексін басшылыққа алып, мемлекеттік қызметшінің беделін, мәртебесін түсірмеуді үнемі назарда ұстауы тиіс.Сыпайы, өзінің лауазымдық артықшылығын алға тартпайтын және оны жеке басының пайдасы үшін қолданбайтын адал болуы – абырой.

Н.Жакупова, Жаңақала аудандық соты жетекші маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив