Атқарушылық іс жүргізу сатысында дауларды соттан тыс шешу жөніндегі жобанының іске асырылуы басталды

Атқарушылық іс жүргізу сатысында дауларды соттан тыс шешу жөніндегі жобанының іске асырылуы басталды

Елімізде әкімшілік әділет жүйесін енгізу әкімшілік органдармен дауларды тез және тиімді шешуге мүмкіндік тудырды.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің жаңашылдығының бірі ретінде жария-құқықтық дауды келісім жасау арқылы аяқтау танылады.

Әкімшілік соттарға келіп түсетін талап қоюлардың басым бөлігі сот орындаушылардың әрекеттеріне шағым келтірумен байланысты.

2021 жылғы 16 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы сотының бастамасымен атқарушылық іс жүргізу сатысында татуластыру рәсімдерінің мәселелері бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы төртжақты меморандумға қол қойылды.

Меморандумның тараптары ретінде  Нұр-Сұлтан қаласының соты, Нұр-Сұлтан қаласының Әділет басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасы, Нұр-Сұлтан қаласының Татуластыру орталығы танылды.

Меморандумның мақсаты - атқарушылық іс жүргізу сатысында дауларды соттан тыс және сотқа дейін шешу мәселелері бойынша ынтымақтастық болып табылады.

Меморандумды іске асыру аясында татуластыру рәсімдері жөніндегі комиссия құрылды. Оның құрамына Әділет басқармасының, жеке сот орындаушылары палатасының өкілдері және медиаторлар кіреді.

Меморандумды іске асыру атқарушылық іс жүргізу сатысында даулардың  санын қысқартуға, қақтығыстар деңгейін төмендетуге және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив