Мемлекеттік тіл – сот жүйесінде

Мемлекеттік тіл – сот жүйесінде

Мемлекеттік тіл – ұлттық сананың ең басты кілті. Тілді сөйлеу арқылы санамыздың бір түкпірінде жатқан өткен тарихқа деген көзқарасымызды түзейміз, келешекке деген сеніміміз ұлғаяды. Ұлттық сананы қалыптастыру жолында тілдің атқарар ролі өте маңызды. Жер бетіндегі адам баласына қатысты дүниенің негізі кілті тіл болса, сол тіл арқылы адам мен адам, қоғам мен қоғам, қауымдастықтар мен өркениеттер танысып ұғысады. Қазақстан тәуелсіздік алғалы ширек ғасырдың ішінде зор табыстарға жетті, оның ішінде біз өзіміздің ана тіліміздің конституциялық құқықтарын айқындап жаздық.

Мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп танылды, шетел тілдері оның қасында екінші немесе үшінші қосымша тіл ретінде қызмет атқаратын болды. Ұлттық сана мен мемлекеттік тілді бірінен-бірін ажыратып жатудың қажеті шамалы, бұл ұғымдар қажетті жағдайда бірдей де қолданыла береді. Себебі, бұл туралы алғашқы Президент Н.Ә.Назарбаев: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек», «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді» деп айтқаны бар.  

Ал, сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің роліне келетін болсақ, мемлекеттік тілді қолдану аясы жыл өткен сайын артып келеді.  Бұл мәселе күн тәртібінен түспейді. Қазіргі уақытта сот жүйесіндегі барлық құжаттар, іс-қағаздар мемлекеттік тілде орындалады. Сот ісін жүргізу тілі басымдық мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді.

Сот жүйесінің негізгі мақсаты азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Сондықтан да сот алдында сот төрелігін сапалы атқару, әділ шешім шығару аталған құрылымдық жүйенің қоғам талабына сай үнемі жетіліп, оның ілгеруіне кешенді сот реформаларын жүргізу қажеттілігімен қатар, мемлекеттік тілді сот ісін жүргізу мәселесінде дамытуды да басты назарға алуымыз қажет.   

Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу үшін ешқандай қысыр сөз, дау-дамай туындамауы керек. «Арыз қай тілде түссе, сол тілде іс жүргізіледі» деп ұрандатқандарға сот жүйесінде мемлекеттік тілдің деңгейін көтеру үшін айтарлықтай шаралар қабылдануда, көптеген жұмыстар атқарылуда.  

Демек, тіл мәселесі тек сот саласын ғана емес, барлық салаларды қамтыған кезде одан әрі дамып, өркендейтіні анық. Әрбір қазақстандық осы мақсатқа жетіп, өзінің азаматтық жауапкершілігін түсінген кезде, бұл өзекті мәселе өздігінен шешілетіні сенімдімін.

Орал қалалық сотының судьясы

А.А.Мырзалы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив