Сотталғандарды бостандыққа дайындау жұмыстары жүйелі

Сотталғандарды бостандыққа дайындау жұмыстары жүйелі

Бүгінгі күні түзеу мекемелерінде аяғын шалыс басып жазасын өтеушілермен жүргізілетін тәрбие жұмысына айрықша назар аударылып отыр. Өйткені адамның түзелу жолына түсуі, қоғамға толыққанды адам ретінде қайтарылуы олармен жүргізілетін осы тәрбие жұмыстарының пәрменділігіне байланысты. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде мекеме қызметкерлері сотталғандарды тәрбиелеу ісіне бір кісідей жұмылып, бірқатар іс-шаралар атқарды.  Жыл басынан мекемеден бой тасалау дерегі орын алған жоқ.Мұны мекеме қызметкерлерінің  оның ішінде режим, жедел жұмыстар, сотталғандардың еңбегінің ұйымдастыру бөлімдері мен сотталғандар арасында тәрбие жұмысы бөлімдерінің бірлескен іс-қимылдарының оң нәтижесі.      Жаңадан келген сотталғандармен бірінші күннен бастап әңгіме өткізіледі,онда  оны режим ережелерімен, ішкі тәртіппен, міндеттері, яғни құқығымен тәртіптік жаза қолдану мен мадақтау шараларының негізгі және тәртібімен таныстырады.

Сонымен бірге оларды мәдени-көпшілік және спорттық шараларға тарту, белсенді қатыстырудың маңызы аса зор. Сотталғандардың тәртібі мен өмір салты сеніп тапсырылған жасақ бастықтары  тәрбиелік, профилактикалық бағытта дәрістер оқып, сұхбаттар жүргізіп тұрады.  Мінез-құлқына және еңбегіне қарай сотталғандарды марапаттау жүргізіледі. Жасақ бастығы Б.Сәметовтің айтуынша,  әр мереке сайын мекеменің қоғамдық өміріне белсене қатысқан  жаза өтеушілерді марапаттан құр қалдырмай, оларды марапаттауға негіз болатын қосымша шаралар да ұйымдастырып отырады. Сонда олардың өздеріне деген сенімдері нығайып, бостандыққа деген құлшыныстары арта түседі дейді. Сотталғандар арасында  мәдени-спорттық және ағартушылық іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандарының қатысуымен спорттық шараларды жиі өткіземіз.  Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында тапсырылған іске жауапкершілікпен қарап, өнегелі мінез-құлқымен көзге түскен 53    сотталғанға көтермелеу шаралары қолданылған.

Сонымен қатар Қылмыстық-атқару кодексінің талаптарына сай 30 жасқа дейінгі сотталғандарға орта білім алу міндеттелген. Мекемеде орта білімі жоқ 9 сотталғанға  Шиелі аудандық білім бөліміне қарасты кешкі мектеп мұғалімдері білім беріп, нәтижесінде 2 сотталған аттестат алды.

Мекемедегі әр сотталғанның бостандыққа шығуына бір жыл уақыт қалғанда мекеме қызметкерлері оның әлеуметтік жағдайын, туған-туыстарымен қарым-қатынастарын жіті бақылауға алып,  «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында сотталғандарды бостандыққа дайындайды. Бұл іс-шараның негізі міндеті, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматты жұмысқа және тұрмыстық орналастыру болып табылады.  Шараға жергілікті атқарушы орган  қызметкерлері мен пробация қызметкерлері шақырылады. Жоба аясында жыл басынан мекемеден босатылған 112 сотталғанға мамандар әлеуметтік байланыстарды орнату, кәсіби білім алу, біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту, кепілді медициналық көмегін алу, құқықтық көмек, құжаттарын қайта қалпына келтіру бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіп, кеңестер береді.

Мұндай шаралар сотталғандардың қоғамға деген көзқарасын дұрыс жаққа өзгертіп,олардың түзелу жолына түсуіне үлкен септігін тигізеді .

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив