Банктердің қызметі мемлекеттің дамуына қалай әсер етеді?

Банктердің қызметі мемлекеттің дамуына қалай әсер етеді?

Қазіргі кезде нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында ел экономикасында банк маңызды рөл атқарады. Банктер қызметінің мемлекеттің дамуындағы әсерін айтпас бұрын, банк сөзінің мағынасын ұғынған жөн. «Банк» сөзі итальянның «banco»-ақша ұсақтау сәкісі, орындығы дегенді білдіреді. Банк бір жағынан несие берушілердің ақша капиталын орталықтандыруды, екінші жағынан, заемшыларды орталықтандыруды білдіреді.

  Банк жүйесі мемлекеттік экономиканың ірі және маңызды әрі ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан банктердің дамуы, олардың қызметі тұтыну саласында, материалдық және материалдық емес тауарларды өндірумен тығыз байланысты болады. Нарық банкті экономикалық реттеудің негізгі элементтерінің қатарына қосады. Себебі банк экономикада төмендегі функцияларды атқарады:

  • ақша айналымын реттейді;
  • ақша қаражатын жинақтайды;
  • делдал бола алады.

  Демек, экономикалық саланың ортасында болғандықтан банктер сауда, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен халықты біріктіре отырып, олардың барлығының арасында делдалдық функцияны атқарып отыр. Олардың иелігінде елеулі ақша потенциалы бар. Сол арқылы әлемдегі кез-келген мемлекеттің экономикалық кешенінің жетекші механизміне айналғандығын көруге болады. Банктер кең ауқымды операцияларды жүзеге асырумен айналысады. Олар ақша ағындарын, несие қатынастарын қалыптастырады, инвестор ретінде әрекет етеді және басқа да операцияларды жүзеге асырады.

   Банктік қызмет айналымдағы қолма-қол ақшаны берумен, сырттан тарту және оларды айналымнан шығарумен, қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақшаны қолданумен сипатталады.  Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңында: «банктердің 30-бапта белгіленген банк және өзге де операцияларды жүзеге асыруы банк қызметі болып табылады», деп айтылып кеткен, яғни көптеген операцияларды жүргізумен айналысатынын байқауға болады. Банктердің қызметі мемлекеттің дамуына үлкен әсер етеді.

    Біріншіден, қазіргі кезде жеке бизнес елдегі халықтың көпшілігінің өмірлік мүдделеріне тікелей әсер етеді. Тиісінше, мемлекет өз құзіреті шегінде бизнеске әлеуметтік функцияларды жүктеуге міндетті. Өйткені мемлекет кәсіпкерлерге императивтік әсер етіп қана қоймай, кәсіпкерліктің белгілі бір әлеуметтік ауыртпалықтарды алуы үшін алғышарт жасайды. Бұл арқылы банктердің өз клиенттерінің әлеуметтік қорғауға бағытталған іс-әрекеттерін жүзеге асыру мүмкіндігін көрсетеді. Мысалы, дамыған АҚШ мемлекетін алсақ.              Он елде заң шыгарушы банк салымшыларының мүдделерін қорғауға үлкен мән бере отырып, олардың банктермен қарым-қатынасын реттеуге баса назар аударады. АҚШ Конгресі азаматтар мен кәсіпкерлер құқығын қорғау үшін осыған бағытталған бірқатар заңдарды қабылдады. Оған мысал ретінде, несиені ұзақ мерзімге беру үшін банктер санын көбейтіп, Федерациялық депозиттерге кепілдік беру корпорациясын, Кредиттер мен жинақ ақшаларын сақтандыру жөніндегі Федерацилық корпорацияны құрды. Еліміз әлеуметтік мемлекет болғандықтан, елдің дамуы халықтың жақсы әрі қолайлы жағдайда табыс тауып, өмір сүруімен тікелей байланысты деп есептеймін.

    Екіншіден, жоғарыда айтылып өткендей, банктердің клиенттерді әлеуметтік қорғауға қатысты шаралары халықтың банкке, елге сенімін арттыра түседі. Банктер экономикада маңызды рөл атқаратындықтан, бизнеспен айналысатын тұлғалар салымдар салып, кредиттер алады. Банк операцияларын қолдана отырып, бизнестерін белгілі бір дәрежеге көтере алады. Мемлекеттегі бизнестің дамуы ірі инвестициялардың болуына, нарықтық экономиканың дамуына тікелей әсер ететіні белгілі. Егер де бір бизнес субъектісі банктен кредит алып, өз кәсіпкерлігін жақсы дамытып, тауарларын шет елге нарықтық бағасына сай етіп шығарып сатуға мүмкіндік жасаса, өзінің табысын ұлғайтып қана емес, ел экономикасына үлес қосқан болар еді.

  Банктердің қызметі мемлекеттің дамуына әсері зор. Қаржылық делдалдар ретінде әрекет ететін қазіргі заманғы коммерциялық банктер саланың және салалардың арасында капиталдың сектораралық және өңіраралық қайта бөлінуін қамтамасыз ететін маңызды экономикалық функцияны орындайды, экономиканың өндірістің объективті қажеттіліктеріне қарай дамуға және экономиканы қайта құрылымдауға үлес қосуға мүмкіндік береді. Банк қызметі қазіргі таңда қоғам мүддесін, сонымен қатар мемлекет қажеттілігіне байланысты мәселелерді шешуге көмек береді. Демек, банк қызметінің болуы мемлекетіміздің даму жолындағы маңызды орынды алады. 

Ақмола гарнизоны Әскери сотының бас маман сот отырысының хатшысы С.Аманбек.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив