Ақмола гарнизоны Әскери сотында «Ашық есік күні» өтті.

Ақмола гарнизоны Әскери сотында «Ашық есік күні» өтті.

  Ақмола гарнизоны Әскери сотында «Ашық есік күні» өтті.
       Ақмола гарнизоны Әскери соты төрағасының м.а.  Р.Ақпар,  Ақмола гарнизоны әскери прокуратурасы өкілінің, ҚР Әскери қызметшілерінің қатысуларымен онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізді. 
         Кездесудің мақсаты– Мемлекеттік органның шешімдерін даулауды және Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодексінің маңыздылығын түсіндіру.

Семинардың бірінші бөлігінде  мемлекеттік органның шешімдерін даулау туралы мемлекеттік билік органдарының, лауазымды адамдардың және мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттерін (немесе әрекетсіздігін) даулау туралы істерді, солардың нәтижесінде талапкерлердің құқықтары мен бостандықтары бұзылса немесе оларды жүзеге асыруға кедергі келтірілсе, қандай да бір міндет жүктелсе, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа соттылығына жатқызу қажет. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотта, атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдардың жиналысқа, митингіге, шеруге, пикетке немесе демонстрацияларға тыйым салу туралы шешімдері; уәкілетті мемлекеттік органның адамды оралман, мәжбүрлі көшіп-қонушы, босқын деп танудан бас тарту туралы шешімі; көлік құралдарының қозғалысын шектеу немесе тоқтату бойынша мемлекеттік органдардың әрекеттеріне; заңды тұлғалардың немесе жеке кәсіпкерлердің банк шоттарынан салық берешегін салық органдарының мәжбүрлеп өндіріп алу әрекеттеріне; сот орындаушысының атқару құжатын орындау бойынша немесе мұндай әрекеттерді іске асырудан бас тарту жөніндегі шешімі мен әрекеті (әрекетсіздігі); Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын басқару органдары мен лауазымды адамдардың әрекеттері мен шешімдері даулануы мүмкін. Талап қоюшы мемлекетке қарсы сөйлей отырып өзін дәрменсіз сезінбеуге тиіс. Осыған орай, арыз беру мүмкіндігі өз мүдделерін іске асыру құралы сияқты тартымды болуға тиіс: бұл соттың шешім шығару және оны тез орындау үшін жұмсайтын уақытына, процестік шығыстарға, соттың объективті ақиқатты анықтау мақсатында атқаратын белсенді рөліне, сот актілерін қайта қарау мерзімдерін қысқартуға және т.б. қатысты болып табылады. Қазіргі құқықтық саясат дауларды шешудің соттан тыс нысандарын дамытуға, дауларды мүмкіндігінше сотқа дейінгі сатыларда реттеуге, арыз иелерінің құқықтарын тек сот арқылы ғана емес, бірінші кезекте құзыретті әкімшілік-құқықтық органдардың қорғауына бағытталған. Олар жол берілген қателіктерді шешімнің заңдылығын, сонымен бірге оны қабылдаудың орындылығын анықтау жолымен жоя алады.

Семинардың екінші бөлігінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодексінің маңыздылығы талқыланды.  Кодекстің мақсаты – азаматтардың басқарушылық шешімдер қабылдауға белсенді қатысуына, жоғары тұрған органдар мен сотта билік органдарымен арадағы дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін әзірлеуге мүмкіндік беретін кепілдемелер жиынтығын жасау болып табылады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодексінің тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басақаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуын қамтамасыз етеді. Бұл дегеніміз жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табылады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодексінің жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын әділ, бейтарап және уақытылы шешеді.

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, сұрақтарға жауап  берілді. 

ҚР Ақмола гарнизонының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив