Жемқорлық індет, жою-міндет

Жемқорлық індет, жою-міндет

ХХI ғасырдың дертіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында елімізде «Қылмыстық кодекске», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға  және басқа да заңдық нормативтерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.

         Жемқорлық қоғамға ғана залалын тигізіп қоймайды. Сыбайлас жемқорлық бәсекелестік пайда болған жерге тамырын жайып, бүгінгі жойылмай  отырған кеселдің бірі. Ауқымы жылдан жылға ұлғайып, қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш  жаймауына өз үлесімізді қосуымыз, тосқауыл болуымыз зор міндеттердің бірі.

Қазақстан Республикасының Жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес барлық ұйымдарда арнайы жоспар құрылып, түрлі шаралар жүргізілуде. Бұл  жүргізіліп отырган шаралар мемлекетіміздің жемқорлыққа қарсы саясатының орындалуына өз үлесін тигізіп келеді.

2015 жылдың 11 желтоқсанында Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі болып қайта құрылғаны белгілі. Бүгінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жымқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі ұлттық бюроның әр облыста департаменті бар.

Қазіргі таңдағы қарастырылатын, қарастырылуы  керек, қарастырылар үлкен жүйелі мәселеге айналып отырған дауасыз дерт. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұрт болып жұмыла қарсы тұру қажет.

Жемқорлыққа күрес кез келген қоғам үшін әрқашан өзекті әрі  ғаламдық мәселе. Ал онымен күрестің тиімділігін арттыру кез-келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. 

Әсіресе, бұл  серпінді дамып келе жатқан және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған біздің еліміз үшін өте маңызды. 

Жаңақала аудандық сотының

 жетекші маманы Н.Жакупова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив