Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату

Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату

         Қылмыс жасағаннан кейін оның өз іс-әрекетінің әрекетсіздігінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамға қауіптілігін ұғыну не оған ие болу мүмкіндігінен айыратын психикасының  бұзылуы пайда болған адамды сот жазадан босатады, ал жазасын өтеп жатқан адамды сот оны одан әрі өтеуден босатады. Мұндай  психикасы бұзылған адамға сот  ҚК-нің 88-бабы 1- бөлігінің «б» тармағына сай осы кодекстің 90-бабында көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалуы мүмкін.

         Сот мәжбүрлеу шараларының түрлерін, жазасын өтеу кезінде психикасы бұзылып, ауруға шалдыққан адамның психикалық бұзылуының сипаты мен мөлшерін, психикасының бұзылуының қоғамға қауіптілік дәрежесін, оның өзге де елеулі зиян келтіру мүмкіндіктерін, оның емделуді қажет етуін ескере отырып, дәрігер-психиатрдың қортындысының негізінде таңдап алады .

         Жазадан ауруына байланысты босату туралы мәселені қарау кезінде сот отырысына қорғаушының, заңды өкілдің, прокурордың жазаны орындайтын мекеме немесе орган өкілінің, қортынды берген дәрігерлік комиссия өкілінің қатысуы міндетті.

       Қажет болған жағдайларда сот отырысына сот қаулысы бойынша сараптама жүргізген және қорытынды берген сарапшы қатысады.

Жазаны өтеуге  кедергі жасайтын өзге де ауыр науқастан зардап шегуші адамды сот жазаны өтеуден босатады немесе науқасының сипаты, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы, сотталған адамның жеке басы және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып, жаза неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырылуы мүмкін .

         Сотталған адамның ауыр науқасқа шалдығуы арнайы медициналық комиссияның қорытындысымен анықталады, бұл қортынды науқастанған адам ауруының өзгерісін мұқият тексеріп, қолданған емнің нәтиже бермейтіні анықталғаннан кейін беріледі.

        Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару кодексінің169-бабының 5 және 6-тармақтарына және Қазақстан Республикасының қылмыстық іс  жүргізу кодексінің 455-бабының 2 және 3-бөліктеріне сәйкес, сотталған адамды ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату туралы мәселе жазаны орындайтын органның немесе мекеменің бастығының ұсынысы не сотталған адамның өтініші бойынша қаралады.

Шымкент гарнизоны әскери сотының             

кеңсе меңгерушісі Ғ.Утеулиев

                                                       

                                                             

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Adela 29 марта 2023 09:02

    I was more than happy to find this page. I wanted to thank you for
    ones time due to this fantastic read!! I definitely
    appreciated every bit of it and I have you saved as a favorite to check out new
    things in your blog.

    Stop by my page; Electrolyte Supplement

  2. аватар
    Silke 18 августа 2023 19:31

    Howdy I am so happy I found your blog, I really found you by mistake,
    while I was looking on Bing for something else, Anyways I am here now and would just like to say many thanks for a marvelous post and a all round
    interesting blog (I also love the theme/design), I don’t have time to browse it all at the
    moment but I have saved it and also added in your RSS feeds, so when I have time I will be back to read
    much more, Please do keep up the awesome jo.

    my homepage articulan con o
    sin receta

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив