КОДЕКСТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ КӨП

КОДЕКСТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ КӨП

 

Президент тапсырмасын орындау мақсатында Жоғарғы Сот пен Әділет министрлігі 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетін Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін әзірледі.

         Бұл кодекс 173-баптан, 29- тараудан тұрады. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің мақсаты азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін әзірлеуге мүмкіндік беретін кепілдемелер жиынтығын жасау.

           Әкімшілік рәсім - әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет. Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер

  1.     Мыналар әкімшілік рәсімді козғау үшін негіздер болып табылады:

     1) жолданым;

     2) әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

  1.     Осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда, әкімшілік рәсім жолданым қабылданған кезден бастап қозғалды деп есептеледі.
  2.     Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасының талабы немесе әкімшілік қалау осы баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіз болып табылады.

         Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді.

         Мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары болып табылады.

        Мұндағы соттың белсенді рөлі әкімшілік процестің азаматтық процестен дараланатын айырмашылықтарынан көрінеді.

        Сот дәлелдерді жинау бойынша бастаманы көтереді, барлық қажетті құжаттарды арыз берушіден емес, мемлекеттік органдардан талап ету мүмкіндігіне ие. Осылайша судья тараптардың берген дәлелдемелерімен шектеліп қалмай, шындықты айқындау үшін қажет деп санаған барлық жағдайды зерттеп, дәлелдер жеткіліксіз болса, өз еркімен оларды жината алатын мүмкіндікке ие болды.

        Ең бастысы, енді арызданған азаматтар емес, әкімшілік орган өзінің дұрыстығын дәлелдеуге міндетті.

       Сонымен қатар, кодекс бойынша тарап берілген әкімшілік актімен келіспесе жоғары тұрған әкімшілік органға шағым түсіруді қарастырады.   

       Осы ретте әкімшілік органда немесе өкілетті тұлғада егер ол үш жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекетті жасаса, шағымды жоғары тұрған органға жібермеу мүмкіндігі бар.

       Сот процесінің түрлері, сот талқылауының шектері, сот бақылауы әкімшілік процестің енгізген жаңашылдықтарына жатады.

        Жаңа заңнаманың осындай артықшылығын қарапайым халыққа жеткізу, түсіндіру – бізге міндет.

Ақжайық аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ақмарал Нұрым.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив