Медиацияны қолдану және оның артықшылықтары

Медиацияны қолдану және оның артықшылықтары

Кең дала тарихында әділеттілікті сақтауға, құқықтық қатынастардың және мәдениеттің дамуына билер белсенді ықпал етті. Қазақ халқында әрқашанда қайталанбас, біртуар тарихи тұлғалар, шешендігі мен әділдігі зор қоғам қайраткерлері ғана би атана алған.

Билер халықтың сенімді өкілі, халықтың ары болып табылған. Ал, сол билердің халық алдындағы беделі, оларды халықтың мойындауымен артып отырған. Ал, өзі сыйлаған, өзі дәріптеген, әрі мойындаған адамның билігін ешкімнің бұзбайтыны, өз кезегінде тәуелсіз әрі әділетті сот төрелігін жүзеге асыруға негіз болғаны даусыз. Олар қазақ құқығының басты жүктеушісі және мемлекеттің функцияларын іске асырушы бола отырып, хандардың кеңесшісі болған.

Бұрын қазақ қоғамындағы әділетті, туралықты іс жүзінде қамтамасыз еткен де осы қазақтың билері еді. Олар тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып отырған. Дана бабаларымыздың бірегейі әрі дара тұлғалары ‑ қазақтың үш жүзін біріктіре білген Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер ел арасындағы кез ‑ келген дауларды бітімгершілік жолымен шешіп отырған. Ал, осындай дана шешімдер өз кезегінде халқымыздың бірлігін, жеріміздің тұтастығын сақтап отыруға шексіз үлес қосқан.

Қазақ халқы үшін бітімгершілік ‑ билік айтудың ең озық өнегесі. Сол қазақтың билері салған сара сүрлеуді жаңғыртып, әлемдік заңдылықтарды саралай отырып, соған сай толықтырулар қосып, Қазақстан елінде «Медиация туралы» заңының дүниеге келуі, бұл ең алдымен қоғамның қажеттілігінен туған дүние деуге келеді.

«Медиация туралы» заң дала даналығының дара заңдылыққа айналуының нақты көрінісі. Елімізде 2011 жылдың 28 қаңтарында шыққан және қолданысқа тамыз айында енген «Медиация туралы» заң сот жүйесіне жаңашыл өзгеріс енгізіп, дауды шешудің тағы бір тетігін айқындап берді. Осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін талай құқықтық сүзгіден өтіп, өзге елдердің тәжірбиелері де сараланды.

Жаңа заң ресми түрде 2011 жылғы 5 ақпанда жарияланды және сол арқылы азаматтардың құқықтарын қорғаудың балама нысандары дамуының жаңа кезеңін белгіледі. Медиация ‑ үшінші бейтарап тұлға ‑ медиатордың көмегімен іске асырылатын соттан тыс дау ‑ жанжалды шешу рәсімі, әрі балама шешудің неғұрлым жұмсақ нысаны болып табылады.

Медиацияның тиімділігі жөнінде тағы бір ескеретін жайт, бұл жерде екі тарап ортақ келісімге келетіндіктен шешімнің орындалу деңгейі жоғары болмақ. Соттағы іс жүргізу процесінен айырмашылығы, медиация еркін процесс. Заңға сәйкес медиация рәсімін медиатор жүргізеді, яғни ол тараптармен кәсіби және кәсіби емес негізде медиацияны заң талаптарына сәйкес жүргізуге тартылған тәуелсіз жеке тұлға болып табылады.

Медиатордың негізгі функциясы бұл тараптардың бірыңғай көзқарасын қалыптастыру, бұл ретте медиатор мәселені шешу жолын өз көзқарасы бойынша тараптарды көндіруге құқылы емес, себебі, бұл кезде тараптар жүргізілген рәсім нәтижесінің дұрыстығына кәміл сенеді. Заңға сай медиация рәсіміне қатысудың шарты тараптардың өзара ерікті ниет білдіруінен көрініс табады.

Дегенмен, екі тарап өзара ерікті ниет білдіріп отырса, олар медиатор іздемей ‑ ақ мәселелерін өзара шешуге, ортаға ағайындар салуға талаптанып жатады. Алайда, бұл заңға сай емес, ауызша келісім-шарт болып қалады. Көп жағдайларда жәбірленуші мен қылмыс жасауда айыпталушының арасында жағымсыз қатынас орнығып, жәбірленуші жақ байланысқа ауыр және өте сирек түседі. Айыпталушы, жәбірленушіден кешірім сұрап, келтірген залалдың орнын толтырғысы келгенімен, жәбірленушінің көкейінде ұялаған реніштен ол өзі байланысқа шыға қоймайды. Ал, осындай жағдайда медиатор көмекке келуі мүмкін, оның басты мақсаты екі жақты татуластыру. Медиация процесінде жеңімпаз және жеңілген тарап деген болмайды. Себебі, медиацияның мақсаты екі тарапты да қанағаттандыратын шешім табу.

Сонымен қатар, медиациялық келісімге келудің нәтижесінде тараптардың уақыты мен қаражаты үнемделеді, толық құпиялық қамтамасыз етіледі  және медиатормен жасалған құжаттар мен материалдар жойылады. Сот өндірісімен салыстарғанда медиациялық жолмен дауларды шешу көп уақыт алмайды және тараптардың шығындарын үнемдеуге үлкен мүмкіндік береді. Сондықтан, медиация институтының болашағы зор деп айтуымызға толықтай негіз бар. 

Ақтөбе гарнизоны әскери

сотының жетекші маманы

Қ.А.Қувандикова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

12 пікір

  1. аватар
    Lorrie 11 сентября 2023 17:10

    Hey there, I think your website might be having browser compatibility issues.
    When I look at your website in Ie, it looks fine but
    when opening in Internet Explorer, it has some overlapping.
    I just wanted to give you a quick heads up! Other then that,
    very good blog!

    Take a look at my page; precio
    de alendronate en España

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив