«Құқықтық мемлекет тірегі – сот»

«Құқықтық мемлекет тірегі – сот»

Кез-келген құқықтық мемлекет тірегі – Конституция. Сот билігі – Ата Заңымыз Конституцияда бекітілген мемлекеттік биліктің негізін құрайтын үш биліктің бір тармағы болып табылады.

Кез келген қоғам, мемлекет – өзінің бастауында белгілі бір ережелер жинағына, тәртіп нормаларына, заң талаптарына бағынып, адамдардың арасындағы қатынастарды реттеу үшін, дау-дамайларды шешу мақсатында – сот билігін жүргізген.

Қазақстан Республикасы – 1991 жылы өзін тәуелсіз, егемен, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялап, халықаралық қауымдастыққа, әлемдік аренаға есік ашты. Мемлекеттік билікті қалыптастыру кезеңінде маңызды орынды сот төрелігі алды. Сот билігі – мемлекеттің жұмысында, құрылымдық биліктің қызметінде өте маңызды рөл атқарады. Сот билігі қоғамдағы қарым – қатынастардың әділділігінің, азаматтардың заң алдында тең құқықтығының, судьялардың бейтараптылығының және азаматтардың құқықтары мен бостандылықтарының кепілі болып табылады.

Ата заңымызға, қоғамдық қатынастарды реттейтін заң талаптарына сай республикамыздың кез келген азаматы, азаматтығы жоқ адамдар және шетел азаматтары халықаралық шарттарға сай, өзіне тиесілі құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда, оларды сот арқылы қорғалуын талап етіп, бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге құқылы. Сот өз кезегінде азаматтардың, азаматтығы жоқ адамдардың және шетел азаматтарының арыздары мен шағымдарын заң шеңберінде, бейтарап түрде қарап заңды, әрі әділ шешім қабылдайды. Бұл – құқықтық мемлекеттің, құқықтық қоғамның айқын келбеті. Республикамыздың азаматтары тумысынан-ақ белгілі бір құқықтармен міндеттерге ие болады. Сол құқықтар мен міндеттерін өз уақытына қарай жүзеге асырады. Ол құқықтар мен міндеттер адамдардың қоғамдағы өмір сүру әдебін реттеп, болашаққа деген сенімділігін нығайтады.   

Тәуелсіздік алғаннан бері, еліміздегі сот жүйесінің сапалы дамуына үлкен мән берілуде. Бұл мақсатта көптеген реформалар қабылданып, жылдан жылға сот жүйесін жетілдіру жұмыстары сәтті жүзеге асырылуда. Сот жүйесін жетілдіруде заманауи ғылыми жетістіктер пайдаланылып, ол өз кезегінде, сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдетіп, оңтайландыруға өзіндік үлесін қосуда. Ата – бабамыздың «жеті жарғы» атты заң жинағы, қазақ халқының құрылу кезеңінен-ақ құқықтық ел болғанын көрсетеді. Сол заң жинағы заманауи ата заңымыздың негізі болып табылады.

Республикада мемлекеттік билік – заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді. Заң шығарушы билік – үкімет, атқарушы – жергілікті атқарушы билік көздері және сот – Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты, облыстық соттар, аудандық (жергілікті) соттар және оған теңестірілген соттар болып анықталған. Барлық сатылардағы сот билігінің жұмысы тек азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жүзеге асыруға бағытталған. Сот билігінің әділ жүзеге асуы – ел экономикасының, әлеуметтік қоғамның қарқынды дамуына септігін тигізеді. Сол себепті, сот жүйесінің заман ағымына қарай дамуы елдің жан-жақты дамуымен тығыз байланысты. 

Ақтөбе горнизоны әскери сотының

Кеңсе бас маманы

С.С.Даулетказин

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив