Мүлікті тәркілеу

Мүлікті тәркілеу

Мүлікті тәркілеу - бұл сотталған адамның меншігіндегі, заңсыз жолмен табылған, не заңсыз жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлікті мәжбүрлеп өтеусіз алып қою және мемлекет меншігіне айналдыру.

Мүлікті тәркілеу түріндегі жаза мазмұнынан, сотталған адамның мүлкі мәжбүрлеп өтеусіз алып қоюға және мемлекеттік мүлікке айналдыруға жататыны түсіндіріледі:

- заңсыз жолмен алынған;

- заңсыз жолмен алынған қаражатқа сатып алынған;

- қылмыстық құқық бұзушылық жасау құралдары немесе қаруы:

Егер сот белгілі бір затты тәркілеу туралы шешім қабылдаған кезде сол мүлікке кіретін затты тәркілеу оны пайдалану, сату немесе өзге де себеп салдарынан мүмкін болмаса, сот шешімі бойынша осы заттың құнына сәйкес келетін ақша сомасы тәркіленуге жатады.

Бұдан басқа, қолданыстағы қылмыстық заңның нормаларына сәйкес, мүлікті тәркілеу кез келген қылмыстық іс бойынша қолданылады.

Мүлікті тәркілеу сотталушы кінәлі деп танылған ҚК-тегі бабының санкциясы, оны қосымша жаза ретінде көздейтін жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін. Қылмыстық іс тоқтатылған немесе үкім шығарылған кезде тәркіленуге жататын қылмыстық құқық бұзушылық қарулары мен құралдары ҚПК-нің 118-бабының тәртібімен тиісті мекемелерге белгілі бір адамдарға беріледі немесе жойылады.

Мүлікті, оның ішінде үшінші тұлғаларға ресімделген мүлікті тәркілеу туралы мәселені шешу кезінде, соттар оның осы мүліктің сатып алған қаражаттың шығу тегін негіздейтін дәлелдемелерді міндетті түрде тексеруі тиіс. Мүлік пен ақша қаражаты Қылмыстық жолмен алынбағаны анықталған кезде сот қабылданған шешімнің уәждерін келтіре отырып, олардың тағдыры туралы мәселені шешуге міндетті.

Егер ҚК-нің Ерекше бөліміндегі бабының санкциясы мүлікті міндетті қосымша жаза ретінде тәркілеуді көздесе, алайда қылмысты адам кәмелетке толмаған жаста жасаса не шартты түрде соттау орын алса, онда ҚК-нің жалпы бөлімінің ережелерін ескере отырып, мүлікті тәркілеу түріндегі қосымша жаза қолданылмайды. Мұндай шешім тиісінше ҚК-нің 48-бабының 4-бөлігіне, 63  бабы және 81-бабына сілтеме жасала отырып, сот үкімінің сипаттау-дәлелдеу бөлігінде уәжделуге тиіс. Мұндай жағдайларда ҚК-нің 55-бабына сілтемелер талап етілмейді.

Сот үкіміне дейін мүлікті тәркілеудің негіздері мен тәртібі, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 15-бөлімінде көрсетілген, мәселен, ҚПК-нің 667-бабының 1-бөлігіне сәйкес, күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздестіру жарияланған кезде, не оларға қатысты қылмыстық қудалау қылмыс жасаған адамның ескіру, рақымшылық жасау, қайтыс болу мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылған жағдайларда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам заңсыз жолмен алынған мүлік туралы мәліметтер болған кезде, ҚК-нің 71-тарауында (ҚПК-нің 35-бабының 1-бөлігінің 3, 4 және 11-тармақтары) белгіленген тәртіппен мүлікті тәркілеу жүргізіледі.

Мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізу басталғанға дейін іс бойынша күдіктінің, айыпталушының процестік мәртебелері нақты айқындалады, сондай-ақ қылмыстық істе мүліктің қылмыстық шығу тегін көрсететін дәлелдемелер болуы тиіс.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлға, адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың, рақымшылық жасаудың қолданылу мерзімінің өтуіне, қылмыс жасаған адамның қайтыс болуына байланысты қылмыстық істі тоқтатқан кезде, қылмыстың мән-жайларын, сондай-ақ тәркіленуге жататын мүліктің заңсыз алынғанын растайтын мән-жайларды көрсететін қаулы шығарады.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы

М.К. Сатыбалдин

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Rogelio 26 января 2024 23:58

    Good day very cool website!! Guy .. Beautiful .. Wonderful ..
    I will bookmark your blog and take the feeds also? I am satisfied to search out a lot of helpful info here within the publish, we'd like work
    out more strategies on this regard, thank you for sharing.
    . . . . .

    Also visit my homepage ... comprar flutiform en Bolivia

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив