ЖАҚСЫ  АРМАН ОЗДЫРАР

ЖАҚСЫ АРМАН ОЗДЫРАР

Қазақстан халқының  мақсаты -  еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам. 

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2016 жылдың  06 қаңтарында «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол»  мақаласы жарық көрінді.

Бұл   Қазақстандықтардың арманы – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуге  із қорсетіп, жол салған – тарихи еңбек.  

Елбасымыз Назарбаева Н.Ә.: «Мен қазақстандықтарды Ұлт Жоспарын жүзеге асыруға және рефор­­­маларды жүргізуге барынша бел­сенді қатысуға, олар ашатын мүм­кіндіктерді пайдалануға шақырамын» деп көрсетеді.

Ұлт Жоспарын жүзеге асыруға бағытталған  негізгі  бес реформа -мемлекетті кәсібиелендіру, құқық тәртібі мен заңдылық бюрократиялық шығынсыз экономикаға қадам басу, ұлт бірлігі және қоғамға есеп беретін ашық мемлекет бойынша жүргізілетін барлық іс-қимыл жүйесінің мәндері, негізгі  бағыттары  мақалада нақты көрсетілген.

Іс жүзінде Ұлт Жоспары белгіленген  кезеңдермен  орындалуда. 

Қазіргі кезде әлемді жайлаған   пандемиядан  еліміз  дағдарысты бастан өткеруде.

Мемлекет Басшы Қ.Тоқаев  2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Замана сынағы бізден үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етіп отыр» деп  көрсетті.

Тағдырдың сынағынан, әлемдегі саяси, экономикалық дағдарыстан сүрінбей өтудің бір ғана жолы  - күш-жігерімізді  біріктіріп, жұдырықтай жұмылу, адами қасиеттерімізді жоғалтпау.

 Ұлы  Абай атамыз «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті – ыстық қайрат, нұрлы жол,  жылы жүрек»  деп айтқан. 

Грек философы Аристотель «Өмірдің мәні не? Айналаңа қызмет етіп, көмек көрсету»  депті.

Қазақта «Халық қамын ойлаған  халық ағасы  - нар кісі» деген  мақал бар.

Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз  тәуелсіздікті, соғыссыз «қой үстіне бозторғай  жұмыртқалаған заманды»  армандаған.

Бүгінгі халқымыздың арманы  - әлеуметтiк-экономикалық жағдайлары дамыған, заңдары мен мемлекеттік аппараты халық мүддесіне қызмет ететін  өркениетті жаңа Қазақстан – «Мәңгілік ел», «Ұлы Дала Елі»  болу.

Асқар белестерден асып, арман-мақсаттарымызға  жетуде, әрбір адам, тек  жеке басы мен отбасының игілігі үшін емес, қоғам мүддесі үшін де қызмет  етуі  қажет.

Барлық мемлекеттік органдардан, қоғамдық институттар мен азаматтардан іс-қимылдың үйлесімділігі, табандылық пен қажырлық талап етіледі.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. 

Нұр-Сұлтан қаласы

Есіл аудандық сотының  судьясы                  

Қалжан Ермағанбетова

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив