Тіл мерейі – ел мерейі

Тіл мерейі – ел мерейі

Қазақ тілінің қолдану аясы заңдық негізде де, әлеуметтік инновациялық бағытта да жолға қойылып келгеніменен, әлі де болса оны күнделікті қолданысқа енгізу мен дамыту жағдайы  жан - жақты саралауды қажет етеді. Мемлекеттік тіл қазақ тілін меңгеру әрбір Қазақстан Республикасы азаматының парызы. Қазақ тілінің тағдыры мемлекеттің дамуы және ел болашағы үшін қаншалықты маңызды екендігін бәріміз түсінеміз. «Қазақстан Республикасындағы Тіл Туралы» Заңының 4 бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға міндетті» деп көрсетілген. Егемендік елдің бір белесі - мемлекеттік қазақ тілі. Осы ел белесін жоғары деңгейде ұстау үшін сот жүйесі мемлекеттік қазақ тілін игеруге, одан әрі дамытып нығайтуға өз үлестерін қосып келеді. Бөрлі аудандық соты да бүгінгі таңда мемлекеттік тіл қазақ тілімізді сот саласында дамуына үлес қосып келе жатырған соттардың бірі. Сот өндірісіне келіп түсіп жатқан арыздардың көбі қазақ тілінде екені қуантады. Сонымен қатар сот жұмысында іс құжаттар, сұраныс хаттар, ішкі құжаттар мемлекеттік тілдің мәтінімен дайындалады. Соттағы сот қызметкерлерінің жедел мәжілістері, іс шаралар мемлекеттік тілде жүргізіледі. Мемлекеттік органдардың актілері мемлекеттік тілде әзірленіп, қажет болған жағдайда орыс тіліне аударылады. Бөрлі аудандық сотының 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жоспарында сот қызметкерлерімен мемлекеттік тілді дамыту мен жандандыру мақсатында арнайы шаралар, құқықтық насихат бағытында басылым беттеріне мақала жариялау қарастырылған. Күнделікті жұмыста қызметкерлердің бір бірімен қазақ тілінде амандасып сөйлескені де мемлекеттік тілді дамыту үшін жасалып жатқан жұмыстардың жемісі деп білемін.  Сот  төрелігін атқарғанда мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі мемлекеттік мәртебесін көтеру әрбір қызметкердің парызы деп түсініп, оған үлес қосуы тиіс. Сондықтан «Мемлекеттік тіл менің тілім» талабын барлық қызметкерлер абыроймен атқарса, нұр үстіне нұр болар еді. Сонда олар мемлекеттік тілге иелік етіп, тілдің ілгері басыуна септігін тигізбек. Адамзат болмысына біткен ең нәзік сезім ұлт, ұлттық мүдде. Олардың асыл қасиетін түсіндіретін тіл. Тілді білген адамның рухы биік. Мемлекеттік тіл шын мәнінде ұлттық саясаттың өзегі, деңгегі дейтін болсақ, қазақ тіліне басымдық беріп, техника, экономика саясат тіліне айналғаны жөн. Қазақ тілі ұлт ретінде мемлекеттік дәрежеге келтірілді. Қай кезде болмасын тіл мәселесі сол тілде сөйлейтін, сол тілден сусындаған ұлттық тілдік белгісі болып саналатын халықтың мәселесі. «Мемлекеттік тіл - рухани байлығымыздың қайнар бұлағы тәуелсіздігіміздің тірегі». Қазақ елінде, қазақ жерінде, қазақ тілі мемлекеттік тіл өркендеуі тиіс. Оған қазақ халқы ғана емес, Қазақстанда өмір сүріп жатқан  барлық халық үлес қосып, оны меңгеруі қажет. Ол үшін ана тіліміздің қасиетін өзіміз біліп, оны қастерлеп, дәріптеп басқа ұлт өкілдеріне насихаттауымыз қажет деп білемін.

А.Н.Оразбек

БҚО Бөрлі аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив