Қазақстан Республикасының сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамытылуы

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамытылуы

Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек.

Мұхтар Әуезов 

Ел тәуелсіздігінің ең бірден-бір көрсеткіші – Мемлекеттік тіл - ол қазақ тілі. Қазақстан халқын бірлестіретін аса маңызды факторы ол мемлекеттік тілді жетік меңгеруі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының қазақ тілін меңгеруі әрбір азаматтың негізгі парызы саналады. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға, Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруі үшін қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық – техникалық жағдайлары жасалынып жатыр. Тіл – мемлекеттің ең құнды, оның тірегі, тіл – халқымыздың адамгершілік байлығы, оның өткені мен болашағы болып есептеледі. Мемлекет, қазақ тілін қолдану аясын кеңейту үшін материалдық – техникалық жағдай жасау үшін қолдау көрсетеді.

Еліміздің жоғары деңгейіне ықпал ету үшін сот жүйесі де қазақ тілін меңгеру мен дамытуға өз үлесін қосады. Қазақстан Республикасының сот жүйесінде мемлекетте қолданылатын барлық тілдерге құқықтық кепілдіктер мен құрметпен қарауды қамтамасыз етуге арналған сот ісін жүргізу тілінің конституциялық қағидасы сақталады, қазіргі таңда мемлекеттік тілді дамыту үшін барлық жағдай жасалған.

Сот жүйесінде қазақ тілі көп қолданылады. Мысалы: кіріс құжаттар және сотқа түсетін басқа да құжаттар көбінесе қазақ тілінде түсіп және жауабы қазақ тілінде беріледі.

Сот отырысының жүргізу тілін білмейтін не жеткілікті дәрежеде білмейтін адамдарға тегін аудармашы мемлекетпен қамтамасыз етіледі, ал олардың өздері сотта сөз сөйлеуге, ана тілінде шағымдар мен арыздар беруге құқығы бар. Қажет болған жағдайда іс материалдар оларға ана тіліне аударылып табыс етіледі. Мұндай құқыққа іс бойынша іс жүргізудің барлық сатыларында іске қатысатын барлық адамдар – күдікті, айыпталушы, сотталушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, сарапшы, куә ие болады.

Қазіргі уақытта өткізілетін сот отырыстарында көбінесе аудармашы қажет емес болатын болды, себебі қазақ халқы дамып, мемлекеттік тілді меңгеруге көп үлес қосуда. Мемлекетте COVID – 19 пандемиясына байланысты барлық дамытатын курстар, сабақтар бейнебайланыс арқылы өткізіледі, халыққа ол ең бастысы ыңғайлы және олар өз уақыттарың тиімді пайдаланады.

Сондықтан, еш қиындыққа қарамастан біздің халқымыз, еліміз дамуға тырысып, тек алға жүгініп келеді. 

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының бас маман сот отырысының хатшысы

К.Е.Абенова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    Britini 15 января 2024 09:30

    Thanks for the good writeup. It if truth
    be told was a amusement account it. Look complicated to more introduced agreeable from you!
    However, how could we keep up a correspondence?


    Have a look at my web blog: Stormie

  2. аватар
    Kimanh 15 января 2024 09:33

    When someone writes an paragraph he/she maintains the idea of a user in his/her
    mind that how a user can understand it. Thus that's why
    this piece of writing is outstdanding. Thanks!

    Feel free to visit my web site; Marisa

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив