Жемқорлықпен күресу - әр адамның парызы

Жемқорлықпен күресу - әр адамның парызы

Сыбайлас жемқорлық қай елдің болмасын қарыштап алға қарай дамуына өзінің кеселін тигізетіні анық.

Жемқорлыққа баратын адам – ол өзінің лауазымын не болмаса қызметін пайдалана отырып, оны жеке мүддесіне жаратады. Соның кесірінен жемқорлық мемлекеттік басқару жүйесін бұзады, әрі қарай экономиканың дамуын тежеп, халықтың әл-ауқатының артуына белгілі бір шектеу қояды.

Мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою мақсатында біршама шаралар жүргізілуде. Осы кеселмен күресу, не болмаса оның жолын кесу жолында арнайы құрылған мемлекеттік органдармен қатар, түрлі ұйымдар да ұдайы күрес жүргізіп келеді.

Сыбайлас жемқорлық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген, алайда бұл кесел не әрекет жасырын түрде жасалатындықтан, оны әшкерелеудің өзі көп жағдайда оны анықтаудағы азаматтардың құзырлы органдарға дер кезінде хабарламауынан елеусіз қалып, жемқорлық әрекетке тосқауыл қойылмай жатады.

Сондықтан еліміздің әрбір азаматы жемқорлыққа қарсы өзінің көзқарасын, ұстанымын өзгерту қажет. Енді еліміздің қарыштап дамуына тосқауыл болып келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіл ел болып күрес жүргізіп, қарсылық танытпасақ болмайды.

Міне осы бағытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық академиялық кітапхана бірігіп республикалық «Парасат жолы» жобасын іске асыра бастады. Жобаның негізгі мақсаты–жалпы тұрғындарды, оның ішінде әсіресе жастарды сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мүлдем төзбеу қағидатын ұстануға шақыру.

Сот саласында да сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын-алу және оған қарсы күресу мақсатында тұрақты түрде іс шаралар жүргізіліп келеді.

Сот жүйесінің жұмысы әлемдік стандарттарға сәйкестендіріліп, соттың тәуелсіздігін кепілдендіретін құқықтық тетіктер енгізілу үстінде. Ақпараттық технологиялар сот ісін жүргізу өндірісіне және құжат айналымына енгізілген.

Жыл сайын ақпараттық технологияның қызмет көрсету саласы кеңейіп, халықтың және қоғамның сот әділеттілігіне сенімі мен қолжетімділігі артып келеді. Бұл өз кезегінде бюрократиялық кедергілерді жоюға, сот жүйесінің ашықтығын көрсетіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізеді.

Қорыта айтқанда, еліміздің әрбір азаматы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды және онымен күресуді өзімнің міндетім және борышым деп білуі қажет.

 Л.Т. Испанов 

Ақжайық ауданының

№2 аудандық сотының аға сот приставы                                                                

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив