Елордада жас отбасыларына арналған тегін онлайн  тренингтер өткізілуде

Елордада жас отбасыларына арналған тегін онлайн тренингтер өткізілуде

Статистикалық мәліметтерге сәйкес соңғы жылдары неке бұзу процестері санының арту үрдісі байқалады.

2019-2020 жылдары тек елордалық соттарға  неке бұзу туралы 12 084 іс келіп түскен. Олардың ішінде 6665 ерлі-зайыпты жұптар сот шешімімен некелерін бұзған. 923 жұп татуласып, отбасын сақтап қалған. 2021 жылғы бірінші тоқсанда  соттарда 1090 неке бұзу ісі қаралған. 785 жұп отбасын бұзып, 57 жұп бітімге келді.    

Нұр-Сұлтан қаласының неке-отбасылық қатынастардан туындайтын дауларды қарайтын соттары тек істі мәні бойынша қараумен шектелмейтінін атап өту қажет. Татуластырушы судьялар отбасылық дағдарыстан шығу, отбасын сақтап қалу, тараптардың бір бітімге келуіне ықпал етеді. Ерлі-зайыптыларға отбасы істеріне мамандандырылған адвокат, психологтардың тегін кеңесін алуға мүмкіндік беріледі. 

Одан бөлек, бүгінгі күні жастар арасында отбасылық құндылықтарды және отбасы институтын нығайтуға бағытталған әлеуметтік жоба жұмыс жасайды. 

Жоба аясында жас отбасыларға отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға және неке бұзудың алдын-алуға бағытталған онлайн/оффлайн тегін кеңестер (психолог, коуч, медиатор) «Instagram»-дағы ресми арна арқылы жүргізіледі. 

Сондай-ақ, «En baqytty el» қоғамдық қоры жас отбасыларына, АХАТ, соттардың қызметкерлеріне, психолог және өзге де мамандарға арналған отбасылық-неке қатынастарының мәселелері бойынша тегін оқыту семинарлар, тренингтер өткізеді.

Қосымша ақпарат:

https://instagram.com/en_baqytty_el?igshid=cheehvrvg1xj 

https://m.facebook.com/enbaqyttyel/?ref=bookmarks&mt_nav=0 

Нұр-Сұлтан қаласыныі соты ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Ботагөз Баянова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив