Әлектрондық сот төрелігі жүйесі қарқынды дамуда

Әлектрондық сот төрелігі жүйесі қарқынды дамуда

Сот саласына заманауи ақпараттық құралдардың енуі сот саласындағы құжат айналымына да өз тиімділігін көрсетті.

Бүгінгі заман талабына сәйкес еліміздің сот жүйесі саласында электронды сот төрелігін дамуына үлкен мән берілуде.

Сот жүйесінде атқару парағын жазу және жіберу «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. «Төрелік» ақпараттық жүйесінің бір ерекшелігі көп уақыт үнемдеп, межелі жерге дер кезінде жетуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ деректер қоры арқылы азаматтардың және заңды тұлғалардың жеке деректері мен тіркелген мекен-жайлары туралы көптеген мәлімет алуға болады.                              

Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі  туралы заңмен белгіленген тәртіпте өзінің іс жүргізуіне қабылданған атқару құжатын ерікті орындау үшін берілген мерзімнің өтуі мәжбүрлеп орындау шараларын қолдануға негіз болып табылады. Атқару құжаты – заңмен белгіленген соттың немесе өзге де органдардың орындауға жататын құжаттары. Сот мәжілісінің хатшылары азаматтық істерді сот кеңсесінің атқару парағын жазу маманына тапсырады, одан әрі ақпараттық жүйе арқылы жылдам жетеді. Заңды күшіне енгеннен кейін 3 күн кешіктірмей атқару парағы жазылуы тиіс. Айта кетер жайт бүгінгі күні сот саласындағы құжаттар заманауи ақпараттық құралдардың көмегімен жүзеге асуда. Яғни цифрлы Қазақстан жобасына елімізде ең алдымен бейімделген сот саласы болды. 

Бірінші сатыдағы соттың шешімінің орындалуынын бір ерекшелігі жеке сот орындаушыларға атқару парағы электронды түрде және АІЖО ААЖ арқылы кетеді.

Сот шешіміне жазылған атқару парағы арыз берушінің немесе оның өкіліне қолма-қол одан қолхат алу арқылы беріледі. Сот актілері мен атқару парақтарынын бақылау алгоритм есебіне тіркеліп отырады.Атқару құжаты судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылатын электронды атқару құжаты нысанында жазылып берілуі мүмкін. Атқару құжатының нысанын атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті әділет органы бекітеді. 

 Соттың әрбір шешімі бойынша бір атқару құжаты беріледі. Атқару құжаты өндіріп алушыға беріледі не оның арызы бойынша сот аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушысына орындау үшін жібереді. Қазақстан Республикасында электронды сот төрелігі жүйесі қарқынды дамып келеді. 

«Сот кабинеті» сервисі сотқа талап арыз беру барысында мемлекеттік баж салығын онлайн төлеу операциясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, мемлекеттік баж салығы Электрондық үкіметтің төлем шлюзі (ЭҮТШ) арқылы  мәлімет нысанын толтыру процесінде төленеді. Екінші деңгейлі банк төлем түскен кезде ЭҮТШ-ге төлем жайында хабарлама жібереді. ЭҮТШ төлем туралы хабарламаны сот органдарының ақпараттық жүйесіне жібереді. 

Сот органдарының ақпараттық жүйесіне түскен арызда төлем деректері автоматты түрде толтырылады. Оның дұрыстығын  кеңсе қызметкері тексереді. Егер төлем деректері дұрыс болса, жүйеде төлем «Банкте төленді» мәртебесін алады. Бұдан кейін кеңсе қызметкері талап арызды тіркейді және оны судьяға қарау үшін жібереді. Онлайн тәртібінде берілген арызға қолма-қол төленген төлем түбіртегін де қоса тіркеуге болады. 

Осылайша, сот органдарының ақпарататық жүйесі мен ЭҮТШ интеграциясы сот органдарына өтінішті беру сатысында бюджетке мемлекеттік баждың төленгендігін растайтын түбіртекті тексеруге мүмкіндік берді. Бұған қоса, осы интеграция сот қызметкерлеріне төленген қаражаттың бюджетке түсуі немесе төлемдердің қайтарылуы туралы хабарландыруды қамтамасыз етті және төлемақы құжаттарын тексеруге кететін уақытты қысқартуға мүмкіндік берді. 

Құжаттарды электронды түрде жолдаумен қатар, мемлекеттік бажды ЭҮТШ арқылы төлеу азаматтарға материалдық шығындармен қоса, (жол ақысы және т.б.) уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Енді үйден шықпай-ақ, кеңседе отырып санаулы секундта талап арызды, өтінішті және шағымды жіберуге болады.   

 «Сот кабинеті» сервисі арқылы ЭҮТШ бойынша талап қою арызы, кассациялық шағым, қарсы талап қою арызы және апостиль қою секілді сот органдарының қызметтері үшін мемлекеттік бажды төлеуге болады.

Жұртшылықтың сотқа деген сенімін арттыру мақсатында осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастықтың арасынан өзінің лайықты орнын алып қана қоймай әлемдік аренада бейбітшілікті қолдайтын ел екенін дәлелдеді. Тәуелсіздіктің арқасында еліміз дамудың қазақстандық жолын қалыптастырды. 

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде қағазбастылықтан арылып, электронды сот өндірісіне көшуде. Бүгінгі заман талабына сәйкес еліміздің сот жүйесі саласында электронды сот төрелігін дамыту ісіне үлкен мән берілуде. Қазақстан Республикасында сот жүйесін жетілдіру бойынша көптеген реформалар сәтті жүзеге асырылып, нәтижесінде республикамыздың сот жүйесінің жұмысының сапасы уақыт өткен сайын артып келеді.

 Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар еліміздегі сот жүйесінің құрылымын одан әрі жетілдіру, сот өндірісін ықшамдау, оның халық үшін ашықтығы мен қолжетімділігін барынша тиімді етудің жолдарын белгілеп берді.

 Еліміздің сот жүйесі құқықтық мемлекеттің қажеттілігіне және заман талабына сәйкес үздіксіз жетілдіріліп келеді. Республикалық соттарға енгізілген жаңа технологиялар сот ашықтығының кепіліне айналды. 

Республикамыздың соттары ақпараттық-сараптамалық жүйені тәжірибеге енгізді. Соттың және сот билігінің беделін нығайту, қоғамда соттың әділдігіне, бейтараптығына және тәуелсіздігіне сенімді орнықтыру және сот төрелігінің жариялылығы мен ашықтық қағидасын іске асыру үшін сот процестерінде аудио-бейнежазба жүйелері қолданылуда. 

 Электронды сот төрелігі соттардың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар, сот ісі жүйесін автоматтандыруды жеделдетеді. Соттарда электронды технологияларды қолдану - процеске қатысушы азаматтарға қолайлы жағдай жасауды, сонымен қатар, сот актілерінің сапасын көтеру мен істерді қарау мерзімін жылдамдатады және сот төрелігінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуді көздейді. 

Заңды және жеке тұлғалар талап арыздарын «Сот кабинеті» сервисінде орналастырылған электронды нысандарды толтыру арқылы беруге мүмкіндігі бар. 

Сот кабинеті - бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған. 

 Осы сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез-келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ интернет желісі арқылы сот құжатын жолдап, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады. 

 Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет. 

 Қазіргі таңда біздің сот кабинетін пайдалану соттың да, сотқа жүгінген тұлғалардың да уақыты мен жұмысын азайтады. Мысалға келтіретін болсақ, азамат немесе оның заңды тұлғасы өзінің уақыты мен қаражатын жұмсамай, үйінен талап арыз жіберсе, ол электронды түрде соттың базасына түседі. Сот қызметкері дайын электронды түрде түскен арызды тіркейді. Ол үшін ол құжаттарды сканерден өткізіп, базаға салып жатпайды, өйткені олардың барлығы дайын түседі. Өз кезегінде ол сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады және сыбайлас жемқорлыққа бейімділікті азайтуға ықпал етеді. 

Интернетке қосылуға мүмкіндігі жоқ азаматтарға халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) электронды бұрыштар ұйымдастырылған. Барлық келушілерге өкілетті операторлар «Сот кабинеті» сервисін қалай пайдалану керектігін түсіндіріп, қажетті құжаттарды электронды түрде жіберуге көмек береді. 

 Қазіргі уақытта «Сот кабинеті» бағдарламасының мобильдік қосымшасы жұмыс істеуде. Бұл сот жұмысының ашықтығы мен жариялылығын жетілдіре түседі. 

 Жұртшылықтың сотқа деген сенімін одан сайын арттыру мақсатында осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. 

Н.М.Танабаева

БҚО МАЭС-ның бас маман-

сот мәжілісінің хатшысы                                                                                          

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Deandre 13 сентября 2023 03:04

    Hello! I know this is kinda off topic however I'd figured I'd
    ask. Would you be interested in exchanging links or maybe guest writing a blog
    article or vice-versa? My blog addresses a lot of the same subjects
    as yours and I believe we could greatly benefit from each other.

    If you are interested feel free to shoot me an email.
    I look forward to hearing from you! Superb blog by the way!



    Feel free to visit my page - Vertrauenswürdiger Medikamentenkauf

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив