Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаевпен келіссөздері өтті.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, транзит-көліктік және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Қырғызстан ынтымақтастығы мәселелері бойынша пікір алмасты. Бұрын аса жоғары және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарға бейілділік расталды.

Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары 1997 жылғы
8 сәуірдегі Мәңгілік достық туралы және 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы шарттар рухында екі елдің стратегиялық әріптестігі мен көпжоспарлы ынтымақтастығын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Келіссөздер барысында М.Тілеуберді Қырғызстандағы қазақстандық кәсіпорындарға жасалған шабуыл фактілеріне жоғары алаңдаушылық білдіріп, қырғыз тарапын құқықтық тәртіпті және
ҚР азаматтары мен компанияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға шақырды.

Министрлер халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады. Орталық Азия аймағында өңірлік кооперацияны дамытуда оң динамиканы сақтауға ерекше назар аударылды.

СІМ басшылары COVID-19 жаһандық пандемиясына қарсы бірлесіп іс-қимыл жасау мәселелерінде өзара әрекеттестік жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив