Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі ұйым Бас хатшысының міндетін атқарушысына сенім құжатын табыстады

Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі ұйым Бас хатшысының міндетін атқарушысына сенім құжатын табыстады

Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров ЕҚЫҰ Бас хатшысының міндетін атқарушы, Қақтығыстарды болдырмау орталығының директоры Туула Юрьелаға сенім құжатын табыстады. Рәсім Аустрия астанасында ЕҚЫҰ Хатшылығының штаб-пәтерінде өтті.

Кездесу барысында Т.Юрьела Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығына жоғары баға беріп, бұл серіктестіктің одан әрі нығайатынына сенім білдірді. ЕҚЫҰ өкілінің айтуынша, Қазақстан ұйымның қызметінде маңызды рөл атқарады және оның белсенді қатысушысы болып табылады.

Өз кезегінде, Қ.Омаров ЕҚЫҰ-ның үш өлшемдегі маңызды жұмысын атап өтіп, мемлекеттіміздің ұйыммен қалыптасқан ынтымақтастықтың жоғары деңгейін растады. Отандық дипломат елдегі қоғамдық өмірдің түрлі салаларында жүргізіліп жатқан реформалар жайында хабардар етті. Сонымен қоса, 2021 жылғы 10 қаңтарда Мәжіліске өтетін парламенттік сайлауға ЕҚЫҰ байқаушылар миссиясының белсенді қатысатынына сенім білдірді.

Тұрақты өкіл ұйымға үш онжылдық барысындағы табысты мүшелілігіне, әрі 1998 жылдан бастап ЕҚЫҰ-ның елімізде миссиясының болуына негізделіп, ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықтың жаңа мазмұнын дамытуға ұмтылатынын атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар күн тәртібінің өзекті мәселелерін, ЕҚЫҰ-ның өңірлік мәселелерді шешудегі және Орталық Азия елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына халықаралық қолдауды белсендірудегі рөлін талқылады.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Kasey 1 декабря 2023 06:47

    I've been surfing online more than 3 hours
    today, yet I never found any interesting article like yours.
    It is pretty worth enough for me. Personally, if all site owners and bloggers
    made good content as you did, the web will be a
    lot more useful than ever before.

    Also visit my page :: amitrip vente libre en Suisse

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив