Британ Парламентінің Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі жалпыпартиялық тобы бес жылдығын атап өтуде

Британ Парламентінің Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі жалпыпартиялық тобы бес жылдығын атап өтуде

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі британ Парламентінің Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі жалпыпартиялық тобы құрылуының 5-жылдығына арналған онлайн іс-шара ұйымдастырды.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді британ парламенттік топ мүшелеріне бейнеформатта алғысөзін жолдады. Ол Қазақстан мен Құрама Корольдік арасындағы екіжақты парламентаралық ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады. Британдық заң шығарушылар пандемия аяқталғаннан кейін Қазақстанға сапармен келуге шақырылды.

«Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Ұлыбритания әрқашан еліміздің маңызды серіктестерінің бірі болды. Соңғы онжылдықтар бойы екіжақты қарым-қатынастарымыз ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша қарқынды дамып келе жатыр, ал парламенттік дипломатия әрқашан да сол ынтымақтастықтың ажырамас бөлігі болып келеді», – деп атап өтті Министр.

Жалпыпартиялық парламенттік топтың төрағасы, Консервативті партиядан Қауымдар палатасының депутаты Боб Стюарт екіжақты парламенттік байланыстардың одан әрі табысты дамуына сенім білдіріп, елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да салаларда жүзеге асырылып жатқан ілгерілемелі реформаларды атап өтті.

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов топ құрамының кеңеюін қанағаттанарлықпен атап өтті. Бүгінгі таңда топ құрамына британ парламентінің екі палатасының және түрлі партиялардың өкілдері болып табылатын 17 депутат кіреді.

Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі жалпыпартиялық парламенттік топ парламентаралық диалогты дамыту мақсатында алғаш рет 2015 жылдың күзінде британ Парламентінде тіркелді. Топ өкілдері парламенттің белсенді мүшелері болып табылады. Олардың құзыретіне сыртқы саясат, қорғаныс, барлау және қауіпсіздік, қару-жарақ экспортын бақылау, экономика, сауда, ғылым және білім мәселелері кіреді. Топ құрылған сәттен бастап Ұлыбритания мен Қазақстанның парламенттік делегацияларының оннан астам өзара сапарлары өтті.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив